Қоғам

Назарбаев 2019 жылы мұғалімдердің жалақысы артатынын айтты

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуОқушылар, архивтегі сурет
Оқушылар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті білім беру жүйесін жаңғырту мәселесімен танысып, министрлікке тапсырма берді

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 90 мың мұғалімнің жалақысы артады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім беру жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесі жөнінде кеңесте айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ғылымның жағдайы білім деңгейіне тікелей байланысты, деп атап өтті Назарбаев. 

"Егер білім беру жүйесін оның алғашқы сатысынан бастап дамытпасақ, елеулі нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Бұл үдерісте Білім және ғылым министрлігі басты рөл атқарады", – деді Қазақстан президенті.

Мұғалімдердің жалақысы артады 

Мемлекет басшысы еліміздің білім беру жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс нәтижелеріне тоқталды.

Оқушылар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Білім министрлігі мектептерді дамыту үшін Дүниежүзілік банктен қарыз алды

"Соңғы 2 жылда білім мен ғылым жүйесіне бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 22 пайызға өсіп, 2 триллион теңгеден асты. Мектепке дейінгі білім беру саласында 3–6 жас аралығындағы балалардың балабақшамен қамтылу деңгейі 95 пайызға жетті. Орта білім беру ісінде оқушылардың 70 пайызы білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқытылуда. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 205 мыңнан астам мұғалімнің еңбекақысы 30 пайызға өсті. 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 90 мың мұғалімнің жалақысы артады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы техникалық және кәсіптік бейіндегі 583 колледжде "Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру" жобасы іске асырылып келе жатқанын айтып, жоғары білім беру саласында университеттердің академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту үшін заң қабылданғанын атап өтті.

"Біз алдымызға студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жөнінде мақсат қойдық. Жалпы, 2018 жылы ғылымға бөлінген қаражат көлемі 43,7 миллиард теңгені құрап отыр", – деді Қазақстан президенті.

Орта білім 2021 жылға қарай жаңартылған мазмұнға көшеді

Жиында Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің баяндамасын тыңдаған президент бірқатар тапсырма берді.

Мемлекет басшысының пікірінше, балаларды балабақшамен 100 пайыз қамту керек. Ол үшін 3 жылда еліміздегі барлық 55 мың тәрбиешінің біліктілігін арттыру қажет.

Телефон, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мұғалімдерді алдап жүрген кімдер – Білім министрлігі мәлімдеме жасады

Бұдан бөлек, Қазақстан президенті орта білім беру ісін жаңартылған мазмұнға көшіруді 2021 жылға қарай аяқтау қажет, деп есептейді Назарбаев.  

"Оқушылар мен ата-аналарды артық оқу жүктемесінен босату керек. Жергілікті жерлердегі орта білім берудің проблемаларын сапалы түрде шешу мәселесіне бүкіл өңірлердегі әкімдердің назарын ерекше аударғым келеді. Әкімдіктер оқушылардың дамуы мен білім алуы үшін мектеп асханаларындағы сапалы тамақтан бастап балалардың мектепке қатынауына дейін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауы қажет. Әрбір баланың біліміне жұмсаған күш-жігеріміз – еліміздің жарқын болашағына салған инвестиция", – деді мемлекет басшысы. 

Педагог мәртебесі туралы

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев педагог кәсібінің мәртебесін арттыруға бағытталған нақты ынталандыру шараларын енгізе отырып, "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын тиянақты дайындау қажеттігін атап өтті.

"Білім беру ісінің барлық деңгейінде жеке сектормен серіктестікті дамытқан жөн. Мектептерде жан басына қатысты қаржыландыру жүйесін енгізуді жалғастыру қажет. Мұндай тәсіл білім беру саласындағы жеке капиталдың үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл – әлемдік үрдіс. Сондай-ақ, бақылаушы органдар тарапынан мектептерге жүргізілетін сансыз тексерулерді шектеу керек, – деді мемлекет басшысы.

Бірінші қыркүйек - Sputnik Қазақстан
Қоғам
1 қыркүйектен бастап білім саласында не өзгереді?

Қазақстан президенті мұғалімдер жұмысының тиімділігін арттыру үшін жағдай жасаудың маңыздылығын айтты. Осыған орай, педагогтердің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етіп, оқушылардың ішкі тәртібіне қатысты ережелердің бұзылуына жол бермеу қажеттігіне баса мән берілді.

"Оқушылар мұғалімдерді тыңдауға және құрметтеуге тиіс. Ата-аналар мен оқытушылар балаға екі жақтан бақылау жасауы керек", – деп түйіндеді Елбасы.


Жаңалықтар
0