Қоғам

Қазақстанда тағы бір ұйым экстремистік деп танылды

© AFP 2024 / Biju BoroЕр адам, архив сурет
Ер адам, архив сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Йақын Инкар" ұйымының мүшесі болған Қазақстанның жекелеген азаматтары бас бостандығынан айырылған

АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Қазақстанда тыйым салынған "Таблиғи жамағат" экстремистік ұйымының негізінде құрылған "Йақын Инкар" ұйымы экстремистік деп танылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәурен Абаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Абаев Әблязовтің экстремистік қозғалысына қатысты түсініктеме берді

Бас прокуратура "Йақын Инкар" ұйымы елімізде заңсыз қызмет еткенін анықтаған. "Йақын Инкар" – Қазақстанда тыйым салынған "Таблиғи жамағат" негізінде құрылған. 

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, "Йақын Инкар" ұйымының мақсаты –конституциялық құрылысты күштеп өзгертіп, егемендікті бұзу арқылы жекелеген мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан аумағында "халифат" құру.

"Аталған ұйымның жақтастары қақтығысқа алып келу мүмкіндігін біле тұра, өзге діндерді жоққа шығарады, бұл әрекет діни экстремизм ұғымының белгілеріне сай келеді. "Йақын Инкар" мүшесі болған Қазақстанның жекелеген азаматтары еліміздің аумағында экстремистік әрекет жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды", — делінген хабарламада. 

Қылмыстық істер аясында осы ұйым мүшелерінің Қазақстан аумағында топтар құру ниеті болғаны анықталды. Осындай негіздер бойынша "Йақын Инкар" ұйымы Қырғызстанда экстремистік деп танылған.

Арнайы жасақ - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Батыс Қазақстанда қаруланған экстремистер тобы құрықталды

Осыған байланысты Астана прокуратурасы сотқа "Йақын Инкар" ұйымын экстремистік деп тану туралы арызбен жүгінді.

Хабарламада айтылғандай, Есіл аудандық сотының осы жылдың 10 қазанындағы шешімімен арыз толық көлемде қанағаттандырылды. Сот "Йақын Инкар" ұйымының әрекетін экстремистік деп танып, оның қызметіне Қазақстан Республикасының барлық аумағында, соның ішінде ақпараттық материалдар, бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және бейнехостингтер арқылы таратуға тыйым салды.

Бас прокуратура "Йақын Инкар" экстремистік ұйымына қатысу, олардың идеясын насихаттау, қаржыландыру үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Жаңалықтар
0