Қоғам

Астана автобустарында көліктік картаны енгізу - алғашқы нәтижелер

© Sputnik / Медина КураковаАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордадағы жаңа енгізулердің арқасында автотасымалдаушылардың 15 пайыздан астам кірісі көлеңкеден шығарылды

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Астанада қоғамдық көлік жолаушыларының 90 пайызы электронды карталарды пайдалануға көшті. "Астана LRT" ЖШС басшысы Бекмырза Игенбердиновтің айтуынша, алдағы айда бұл көрсеткішті 95-98 пайызға жеткізу көзделген. Сонда тасымалдаушылардың кірісі айқын көрінетін болады.

"Екі апта ішінде бұрын бізге көрінбейтін кірістің көлеңкеден шыққанына куә болып отырмыз. 15 пайыздан астам табыс көлеңкеден шығарылды. Бұл жақсы көрсеткіш. Қазір жолаушылардың 90 пайызы көліктік картамен жүреді", — деп хабарлады Игенбердинов "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалы комиссиясының отырысы кезінде.

Компания басшысы атап өткендей, жыл соңына дейін қоғамдық көлік қызметкерлері тарифтік саясатты бақылап, әрі қарай қалай өзгертуге болатыны жайында ұсыныстар жасайтын болады.

Көліктік карта мен ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Карта қолма-қол ақшаны ысырды: Астанада жолақы екі есе қымбаттады

"Қазіргі тариф жыл соңына дейін сақталады. Желтоқсанда қоғамдық кеңеске шығып, сандық деректермен бөлісіп, қоғаммен бірге әрі қарай не істейтініміз туралы ақылдасамыз", — деді ол.

Сонымен бірге, Бекмырза Игенбердинов кей жүргізушілердің жұмыстан шығарылуы жөнінде пікір білдіріп өтті. Оның айтуынша, негізінен шарт бойынша жұмысқа тұрған, салдарынан несие алуда қиындыққа тап болған азаматтар жұмыстан шығуға өтініш білдіріпті.

Көліктік картаны қайда толтыруға болады?

Бұдан бөлек, "Астана LRT" басшысы елордадағы тағы бір жаңалық – автобустардың іші-сыртындағы жарнамалар туралы сөз қозғады. Бұл тәжірибе, көліктік компания бастығының айтуынша, тасымалдау табысын 15-20 пайызға көтеруге септігін тигізеді.

автобустарында 2018 жылдың 21 шілдесінен бастап дифференцияланған тариф енгізілді. Көліктік картамен жолақы 90 теңге тұрса, қолма-қол ақшамен – 180 теңге.

Жаңалықтар
0