Қоғам

Карта қолма-қол ақшаны ысырды: Астанада жолақы екі есе қымбаттады

© SputnikКөліктік карта мен ақша
Көліктік карта мен ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автобуста жолақының қымбаттауы кімге тиімді? Көліктік картаны қайдан алуға болады? Астананың кондукторлары жұмыссыз қала ма?

АСТАНА. 21 шілде. Sputnik. Елорда тұрғындары бүгін таңертең автобусқа отырып, бас шайқағандары анық. Бүгіннен бастап қала автобустарында жолақы екі есеге қымбаттады.

Көліктік карта мен ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астананың автобустарында жолақы қашан өзгереді?

Енді қолма қол ақшамен жолақы төлесеңіз бұрынғы 90 теңгенің орнына екі есе артық ақша бересіз. экспресс-автобустардағы баға да шарықтап, 250 теңгеге жетті.

Астра карта беретін терминалдарда ұзын сонар кезек, өйткені, енді автобуста карта арқылы жүру әлдеқайда үнемді болып шыға келді. Яғни, картамен жол жүрсеңіз қала ішінде қатынау бұрынғыдай 90 теңге, экспресс автобустардың бағасы да бұрынғыдай 180 теңге қалпында қалады. Жеңілдікпен жол жүретін азаматтар үшін бұл өзгерістердің қатысы жоқ.

Ал, балалардың жолақы билеті қолма-қол ақшамен 90 теңге, картамен 40 теңге болады. Картаңызды валидациядан өткізгеннен кейін бір сағат ішінде автобустан автобусқа бір рет тегін міне аласыз. Бұрын бірнеше рет ауыстыруға болатын. 

Қала маңындағы азаматтар қанша төлейді

Қала маңындағы елді мекенде тұратын азаматтар үшін де жолақы қымбаттап отыр. Көлік баратын зонаға байланысты жолақы құны әртүрлі, бірақ, бұрынғы бағаларынан екі есеге қымбаттаған.

Мысалы, Қосшы, Қоянды Қызылжарға бұрынғы 90 теңгенің орнына 180 теңге беріп, Ақмол мен Максимовкаға 200 теңгенің орнына 400 теңге беріп, Аршалы ауданына 800 теңге беріп жете аласыз.

Қала маңында тұратын жеңілдігі бар азаматтар өз атына тіркелген карталарымен қалаға дейін тегін жете алады.

Кондукторлар қайда кетеді

Астана LRT бұған дейін хабарлағандай, жуырда автобустары кондукторсыз жүреді. Яғни, адам факторы жойылған соң жолақы төлемегендер автобусқа кіре алмайды деген сөз.

Автобус - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астананың автобустары кондукторсыз жүретін болады

"Азаматтар өте көп арыз-шағым айтатын кондукторлар бар. Ондай кондукторлар жұмыстан босатылады. Ал, адал жұмыс істеген орта білімді кондукторлар көлік бақылау департаментіне жұмысқа ауысса, қалғандары өз автопарктерінде жұмыспен қамтылмақ" — дейді "Astana LRT" ЖШС қоғаммен байланыс жөніндегі қызметінің жетекшісі Науат Азанбаев. 

Қала тұрғындарының кемінде 70 пайызы жолақы карталарын алғаннан кейін ғана кондукторлар жұмыстан босатылады деп жоспарланған. 

ASTRA картасы: қайдан алып, қалай қолдану керек

Қалада бұл карталарды сататын 7 касса мен 30 терминал бар. Картаны сондай-ақ Qiwi, Kaspi.kz және интернет банкингтердің көмегімен де толтыруға болады.

Көліктік картаны қайдан алуға болады

Пластик карталарды терминал арқылы сатып алу үшін терминалдың басқы бетіндегі инстуркцияны орындау керек. Ал, ай сайын ақша толтырғанда "Көлік әмияны" немесе "Бір айғы жолақы" қызметтерін таңдап, ақша салуға болады. Бұған дейін хабарланғандай, карталарды болашақта автобус ішінде де сатып алу мүмкіндігі пайда болады.

Жолақының қымбаттауынан кім ұтып, кім ұтылады

Былтыр күзде қаладағы автобустарда жүру құнын әрбір пәтердің коммуналдық қызметіне қосып, ай сайын өндіріп отыру керек деп айтылғанда-ақ қала тұрғындары бір өзгерістің болатынын сезген. Кейін бұл идея жүзеге аспады да, қалада қызыл терминалдар пайда бола бастады.

Автобус салоны - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада автобуспен жүру ақысы үшін 3800 теңгеден алу ұсынылды

Осылайша, мүдделі мекеме "өткен заманнан" құтылып, яғни, қағаз билеттің көзін жоямыз деген идеяны жүзеге асыруға кірісті. Бірақ, "ә" дегенде-ақ бүкіл халық картаға ауыса қойған жоқ. Адамдар әлі күнге дейін ақша беріп, қағаз билет алып жүр.

Astana LRT басшылығы карталық көлеңкелі экономиканы жойып, қоғамдық көліктен түсетін пайданы арттырады деген сенімде. олардың пайымынша, қалалық автопарктер қазір пайда емес, шығын көріп отыр. Пайда табу үшін жолақы 300 теңге болу керек дейді.

Қоғамдық көлікте кім тегін жүруі мүмкін?

Астанадағы қоғамдық көлік бағасы: 3800 теңгеден 180 теңгеге дейін

Айтқанымыздай, Астанада қоғамдық көлік билетін қымбаттату керек деген әңгіме былтыр күзде басталған. Қала билігінің коммуналдық қызметке "жолақы бағасын" қосып, ай сайын әр пәтерден 3800 теңге жинап отыру керек деген ойы қоғамның қатты сынына ұшырады. Astana LRT бұл "революция" болады дегенмен, халық құп көрмеді.

Депутат жолақысын 3800 теңге ету туралы пікір білдірді

"3800 теңге деген баға аспаннан алынды ма?" деген журналистердің сұрағына сол уақытта уәкілетті шенеуніктердің ешқайсысы жауап бере алмаған. Кейінірек Астана әкімі әрбір пәтерден ақша алынбайды деп, азаматтардың көңілін тыныштандырды. Бірақ, бір ай өткеннен кейін жолақы бағасы тағы да күн тәртібіне шығып, бұл жолы Алматының тәжірибесі мысалға алынған еді.

Автобустардағы жаңа ереже

Автобус - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана автобустарында жолаушыларды отырғызудың жаңа ережесі енгізіледі

Бағадан бөлек, бүгіннен бастап автобустарға мініп, түсу ережесі өзгерді. Енді бірнеше есігі бар автобустардың тек алдыңғы есігінен кіру керек. түскенде қалған есіктерінен түсе беруге болады. Тек алдыңғы есік емес. Автобустардың ортаңғы есіктері арбасы бар адамдар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған.

Бұл жаңа ережелері жұмыстан әлі босай қоймаған кондукторлар тағы да түсіндіре жатады.

Жаңалықтар
0