Қоғам

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар зейнетақы қорына ақша аударуға міндеттеледі

© Pixabay/ rawpixelПланшет, ноутбук
Планшет, ноутбук - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істеп жүрген азаматтар үшін зейнетақы туралы заңға өзгеріс енгізілді

АСТАНА, 5 шілде — Sputnik. Азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар бірыңғай жинақтық зейнетақы қорына ай сайын аударымдар жасайтын болады. Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңға тиісті өзгертулер енгізілген.

Банкнота - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Жұмыстан қол үзіп қалдым, зейнетақы ала аламын ба?"

25-баптағы бірыңғай ұлттық зейнетақы қорына еңбекақысының бір бөлігін аударатын тұлғалар тізіміне азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар да енгізілді.

Аударымдар көлемі республикалық бюджет туралы заң бекіткен ең төменгі жалақының 10 пайызынан аз болмауы және 75 еселенген ең төменгі жалақының 10 пайызынан аспауы тиіс.

Ертеңнен бастап 2 млн-нан астам адамның зейнетақысы өседі

Зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер – базалық зейнетақы

Зейнеткерлер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Базалық зейнетақы көлемін қайдан білуге болады?

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы жүйесіне өзгертулер енгізіледі, бұдан былай базалық зейнетақы көлемі жүйеге қатысу өтіліне және Қазақстанда жыл сайын өзгеріп отыратын ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

Базалық зейнетақы тағайындаудың жаңа әдісі, билік өкілдерінің пайымдауынша, қазақстандықтардың зейнет жасындағы материалдық жағдайын жақсартып, отандастарымызды өнімді еңбек етуге ынталандырады – себебі бұдан бұлай неғұрлым ұзақ жұмыс істесең, соғұрлым көбірек зейнетақы аласың.

1 шілдеден бастап қазақстандықтардың өмірінде болатын 10 өзгеріс

Жаңалықтар
0