Қоғам

Базалық зейнетақы көлемін қайдан білуге болады?

© Sputnik / Серикжан КовланбаевЗейнеткерлер
Зейнеткерлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны белгілеу әдісі өзгереді

АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Қазақстандық зейнеткерлер базалық зейнетақы көлемін үйінен шықпай біле алады, деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.

Базалық зейнетақы көлемі туралы анықтаманы eGov.kz порталынан бірнеше әдіспен алуға болады:

 

  • Электронды цифрлық қолтаңбасыз, ЖСН нөмірімен тіркелу арқылы;
  • SMS-пароль арқылы;
  • Электронды цифрлық қолтаңба арқылы.

 

"Қызмет көрсету eGov.kz порталының басты бетінде орналасқан. Зейнеткер жаңа базалық зейнетақысының көлемі жайында анықтама ала алады", — делінген хабарламада.

eGov.kz порталында басқа да қызметтер алуға болады: "БЖЗҚ салымшысының зейнетақы жинағы туралы мәлімет беру" және "Зейнетақы аударымдары туралы мәлімет алу".

Жаңалықтар
0