Қоғам

Қазақстанда қанша адам ракпен ауыратыны белгілі болды

© Photo : pixabay.comНауқас
Науқас - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы әзірленді

АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қазақстанда 171 мыңнан астам азамат қатерлі ісік ауруына шалдыққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Операция - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде қатерлі ісікті емдеудің заманауи әдісі алғаш рет қолданылды

Министрдің айтуынша, Қазақстанда соңғы он жылда қатерлі ісікке шалдығу көрсеткіші 9,5 процентке өсіп, өлім-жітім 28,5 процентке төмендеген. 

"2017 жылдың қорытындысы бойынша алғаш анықталған қатерлі ісік бойынша барлығы 35 мыңнан астам пациент тіркелген. Ал барлық онкологиялық науқастар саны 171 мыңнан астам адамды құрайды. Науқастардың дені сүт безі мен өкпе, асқазан обырымен ауырады. Ал жас құрылымына келсек, пациенттердің 70 проценті еңбекке қабілетті жастағы адамдар", — деді Біртанов үкімет отырысында. 

Ведомство басшысы онкологиялық көмекті ұйымдастыру бойынша іске асырылыған шараларға қарамастан, бірқатар негізгі проблема сақталғанын атап өтті.

Ғалымдар ас содасының қатерлі ісіктен қалай құтқаратынын айтты>>

сүт - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қандай азық-түліктің сүт безінің қатерлі ісігіне шалдықтыратыны анықталды

"Қатерлі ісікті ерте диагностикалаудың төмен көрсеткіші, бұл көрсеткіш ЭЫДҰ елдерінің көрсеткішінен 3 есе төмен. Халықты скринингтік бағдарламалармен қамту төмендігі, республикадағы халықтың нысаналы топтарын скринингпен қамту үлесі 50 процентті ғана құрайды. Ал бұл ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес 70 пайыздан кем болмауы тиіс. Диагностиканың жоғары технологиялық әдістерін және инновациялық емдеудің, соның ішінде сәулелік терапияға қолжетімділіктің болмауы. Қазір Қазақстанда сәулелік терапиямен пациенттердің тек 30%-ы ғана қамтамасыз етілген", — деді Біртанов. 

Сонымен қатар қазіргі таңда елде онколог дәрігерлер тапшы. Министрдің айтуынша, осындай проблемалардың болуына байланысты қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың бес жылдық өмір сүру көрсеткішіне қол жеткізілген жоқ. Бұл көрсеткіш онкологиялық көмек көрсету тиімділігінің негізгі индикаторы болып табылады.

Ғалымдар шұжық пен сосискадан қатерлі ісік пайда болатынын анықтады>>

Әйелдерді қатерлі ісікке шалдықтыратын папиллома вирусы еркектерден жұғады>>

Атырауда дәрігерлер әйелге қате диагноз қойып, омырауын алып тастаған>>

Жаңалықтар
0