Қоғам

Елімізде қатерлі ісікті емдеудің заманауи әдісі алғаш рет қолданылды

© Photo : пресс-служба Управделами президента РКОперация
Операция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Интраоперациялық фотодинамика операцияның тиімділігін арттырады әрі қатерлі ісікті емдеудің өзге әдістері сияқты жанама әсері жоқ

АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Президент істері басқармасының медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері алғаш рет интраоперациялық фотодинамикалық терапияны пайдаланды.

Ғалым - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар қатерлі ісік пен кәрілікті қашан жеңетінін айтты

Бұл терапия өткен ғасырда таралып, қатерлі ісікті емдеудегі ең тиімді хирургиялық емес әдіс ретінде танылған болатын – фотодинамика жасуша деңгейінде қатерлі ісікпен күреседі. Науқас ағзасына арнайы препарат – фотосенсибилизатор енгізіледі, ол қатерлік ісік жасушаларына жинақталып, нәтижесінде жарықтың әсерін ұлғайтады. Сол себепті дәрігер қатерлі ісік жасушалары жинақталған жерге лазер түсіргенде, жарық толқындары жасушаларды жоя бастайды.  

"Науқас аналық жыныс безі қатерлі ісігіне шалдығып, дерт бүкіл құрсақ қуысын жайлап кеткен. Оған үшінші рет операция жасап, метастаздарды алған. Операция кезінде ішекті бірнеше рет кесуге тура келді. Одан кейін 6 курс химиотерапия алып, кейін қайта тексеруден өткенде, аурудың шағын екі ошағы анықталған. Консилиум ішектерді біріктіріп, тексеру барысында көзге түскен ошақтарды алып тастау үшін санитарлық операция жүргізуге шешім қабылдады", — деп мәлімет берді аурухананың бас онкологы Насрулла Шаназаров.

Бұл жолы дерттің жаңа ошақтары пайда болмауы үшін, дәрігерлер операциямен қатар фотодинамика әдісін пайдаланбақ болды. Операция кезінде енгізілген препарат зақымдалған тағы басқа жасушаларды көрсетті.

© Photo : Президент істері басқармасының баспасөз қызметіИнтраоперациялық фотодинамика терапиясы
Интраоперациялық фотодинамика терапиясы - Sputnik Қазақстан
Интраоперациялық фотодинамика терапиясы

Интраоперациялық фотодинамика операция тиімділігін арттырып қана қоймай, қатерлі ісікті емдеудің өзге әдістері сияқты жанама әсерін тигізбейді. Қазақстанда бұл әдіс алғаш рет қолданылып отыр, әзірше оны Президент істері басқармасының медициналық орталығы ауруханасы ғана қолға алды.

Жаңалықтар
0