Қоғам

Назарбаеваның жалғыз қызы туралы қызықты деректер

CC0 / StockSnap / Қалыңдық
Қалыңдық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Назарбаеваның қызына неліктен Венера деген есім қойылғаны, оның киноға түсіп, концерттерде ән салғаны туралы мәлімет жинады

АСТАНА, 25 маусым — Sputnik. Қазақстан президентінің жиені Венера Назарбаева тұрмысқа шығып, қазақстандық БАҚ-тың басты кейіпкеріне айналды. Sputnik жас қалыңдықтың өмірбаянынан бірнеше дерек ұсынады.

Неке жүзігі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дариға Назарбаеваның қызының тойы: жас жұбайлар туралы не білеміз?

Венера Назарбаева – Қазақстан сенатының халықаралық қарым-қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның қызы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Венера 2000 жылы 5 мамырда дүниеге келген. 2003 жылы  "Огонек" журналына берген сұхбатында Дариға Назарбаева Венераның Вена қаласында туғанын айтқан болатын.

"Жұма күні босандым, итальян тілінде жұма "венерди" деп айтылады. Оған қоса, сол күні 2000 жылы 5 мамырда ғаламшарлар шеруі болды. Қызымның жұлдызы Торпақты Венера планетасы жебейді. Сол себепті осы ат ең лайықты деп таңдап қойдым", — дейді Дариға Назарбаева.

Дариға Назарбаева: Елбасы — ең үлкен құрметке лайық адам>>

Дариға Назарбаеваның айтуынша, "қазақстандық дәрігерлердің шектен тыс ықыласы, керісінше, зиянын тигізеді ме" деп қорқып, Еуропаға кетіп қалған екен.

Дариға Назарабева - Sputnik Қазақстан
Саясат
Дариға Назарбаева ҚР президентінің мұрагері туралы жауаптан жалтарды

18 жастағы Венера өзін шығармашылық қырынан таныта білген: "Алма-Ата, алғашқы махаббатым менің" атты ретро-фестивальде, концерттерде ән шырқап, "Байқоңыр"фильмінде шопанның қызы болып эпизодтық рөлді сомдаған.

"Екі лақты көтеріп жүру қиын болды, екеуінің салмағы төрт килограммнан, қатты шаршағаным сонша – үйге келген бойда ұйықтап қалдым", — деген еді Венера 2011 жылы кинодағы алғашқы рөлі жайлы.

Өткен сенбіде Венера Шайжүнісовтер әулетінен шыққан 22 жастағы заңгер Даленге тұрмысқа шықты. Некелесу салтанаты Алматыда өтті.

Жаңалықтар
0