АСТАНА, 16 қыр — Sputnik. ҚР Парламенті сенатының депутаты, ел президентінің тұңғыш қызы Дариға Назарбаева өзін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Нарбаевтың мұрагерімін деп санамайтынын айтып, мұның бәрі алып-қашпа әңгімелер екенін мәлім етті.
Оның атап өтуінше, Қазақстанда билік мұрагерлігі туралы алып-қашпа әңгімелер тәуелсіздігімізді алғалы бері, яғни 25 жыл бойы айтылып келген.
"Мен өзімді Отанына адал әрі шын берілген, президент командасындағы адам ретінде санаймын", — деп жауап берді Назарбаева өзіңізді билік мұрагері ретінде көресіз бе деген сұраққа.