Қоғам

Президент ОҚО-да зорланған баланың ісі неге ұзаққа созылып кеткенін айтты

CC0 / / Жасөспірімнің архивтегі фотосы
Жасөспірімнің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаевтың пікірінше, жоғары органдарда іске қатысы барлардың туыстары жұмыс істейтіндіктен, тергеу ілгерілемей отыр

АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысында зорланған оқушының ісі туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметшілер мен шенеуніктердің жұмысына тоқталып, ОҚО-да зорланған баланың оқиғасын мысалға келтірді.

құрылыс, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Экономика
Назарбаев "7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыратын шенеуніктерді ұрламауға шақырды

"Қауіпсіздік кеңесінің отырысында да мемлекеттік органдардағы проблемаларды ашық айттым. Мәселен, ОҚО-дағы жоғары сынып оқушылары зорлаған баланың оқиғасы. Іс ұзаққа созылып, туған-туысқандарын әуре-сарсаңға салды. Бәрібір де ештеңе таба алмай, дәлелдей алмадық. Неге екенін білесіздер ме? Барлық жерде туысқандары отырған. Бұл іспен айналысқан полицейлер де – туыстары, жоғары органдарда да туыстар, одан жоғарыда да – туыстары, бәрі істі жабу үшін жасалған", — деді президент "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында. 

Назарбаев бұлай болмауы тиіс екенін атап өтті. 

"Заңда бұлай болмауы керектігі жазылған. Сонда заң неге бұзылады, неге оны бақыламаймыз? Сондықтан цифрлық партия, цифрлық Қазақстан, цифрлық экономика – бұл біздің жолымыз", — деп түйіндеді Назарбаев. 

Қарт ер адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев: зейнеткерлер әлі күнге дейін маған хат жазып, Астанадан пәтер сұрайды

Еске салып өтсек, ОҚО-дағы Абай ауылында зорланған бірінші сынып оқушысының оқиғасы қоғамдық резонанс тудырған еді. Баланың әжесі немересін ұзақ уақыт бойы жоғары сынып оқушыларының ұрып, зорлап келгенін мәлімдеген болатын. 

Сарыағаш ауданының білім басқармасы сот-медициналық сараптама барысында баланың зорланғаны дәлелденген жоқ деп сендірді, алайда еріктілер мен белсенділер сараптама нәтижесіне күмән келтіріп отыр. Олардың ойынша, отбасына жоғарыдан қысым жасалуда. 

Аталған фактіні тергеу ісіне қазақстандық және шетелдік сарапшылар да тартылды. Қазір зорланған бала мен оның анасы, сондай-ақ әжесі мен әпкесі мемлекет қамқорлығында.


Жаңалықтар
0