Қоғам

9 мамыр – Жеңіс күні

© Sputnik / Анатолий УстиненкоЖеңіс күні
Жеңіс күні - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл 9 мамырда Ұлы Жеңістің 73 жылдығы аталып өтуде

9 мамыр күні Қазақстан халқы Ұлы Жеңіс күнін атап өтіп жатыр. Бұл мереке әр отбасына ыстық, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелері бар. Қаншама адам тылда еңбек етті. Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды, сондықтан адамзат өткен соғыстың құрбандарын жақсы біледі.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан

Қазақстаннан 1941-1945 жылдардағы қанды қырғынға 1,5 миллион ұл мен қыз аттаныпты. 600 мыңнан астам қазақстандық бұл соғыстан оралмады. 500-ден астамы елге Батыр атанып, аңызға айнала оралды. 

Еске алу акциясы кезіндегі гүл мен балауыз, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы Беларусьте Жеңіс монументіне гүл шоғын қойды
Қазақстан тарихы мәліметтеріне сәйкес, бүкіл соғысты басынан өткерген қазақстандық 12 дивизия құрметті атақтар  алған. Олардың бесеуі — бір, төртеуі — екі, екеуі — үш орденмен марапатталды. Бес дивизия гвардиялық аталды, олардың ішінде Кеңес Одағының Батыры Иван Панфилов атындағы атақты 8-гвардиялық дивизия бар. Жалпы Ұлы Отан соғысында 497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 1990 жылы 11 желтоқсанда соңғы Кеңес Одағының Батыры атағы қолбасшы Бауыржан Момышұлына берілді.

Төрт қазақстандық Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды. Ұрыс кезінде қаза тапқан пулеметші Мәншүк Мәметова және мерген Әлия Молдағұлова Батыр атағын алды. Батыр атағын алғандар қатарында атқыштар Төлеген Тоқтаров, Сұлтан Баймағамбетов, Сергей Лутфиллин, Мин Сен Юр, артиллеристер Серікбай Мүткенов, Иван Новиков, ұшқыш Нүркен Әбдіров, минометші Қарсыбай Сыпатаев, атты әскер Бақытжан Қаратаев, сапер Петр Гончаров, политрук Мәлік Ғабдулин, торпедалық катер командирі Борис Ущев және басқалар бар. 110 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері болды. 

Рейхстагқа шешуші шабуылға шыққан және Жеңіс туын тіккендердің ішінде қазақстандық Рақымжан Қошқарбаев, капитан Борис Чупрета, минометші А.Бақтыгереев, пулеметші П.Е.Вицько, байланысшы К.М.Волочаевтар болды.

Еске алу - Sputnik Қазақстан
Рейхстаг шабуылына қатысқан соңғы қазақстандық өмірден озды

Қазақстан аумағында шайқас болған жоқ, бірақ республика майданның берік тылына айналды. 

Соғыс кезінде көптеген ҒЗИ орталықтары, Мәскеу, Ленинград, Киев және басқа қалалардың оқу орындары Қазақстанға қоныс аударды. 

ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің апаратына сәйкес, қазіргі таңда елімізде Ұлы Отан соғысының 2 776 ардагері, 157 679 тыл еңбеккері өмір сүреді. 

Жеңіс күні Қазақстанда мемлекеттік мейрам болып табылады. Осыған орай республиканың түкпір түкпірінде мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Жаңалықтар
0