Рейхстаг шабуылына қатысқан соңғы қазақстандық өмірден озды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЕске алу
Еске алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ардагер Федор Бакуменко Жеңіс күніне бірнеше апта қалғанда дүние салды

АСТАНА, 28 сәуір — Sputnik. Рейхстаг шабуылына қатысқан соңғы Ұлы Отан соғысы ардагері Федор Бакуменко 97 жасында дүние салды, деп хабарлайды "Ақтөбе Таймс".

Ардагерлер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана әкімдігі соғыс ардагерлеріне ақшалай көмек береді

Ардагер 22 сәуірге қараған түні өмірден озып, Ақтөбе облысы Қобда ауданында жерленді.

"Мен Рейхстаг төбесінде кеңестік ал қызыл тудың желбірегенін көрдім. Сол кезде бәріміз көзімізге жас алдық", — деп еске алып отыратын ардагер Бакуменко.

Басылымда жазылғандай, Фёдор Бакуменко Рейхстагқа ту тіккен Егоров және Кантариямен жақсы таныс болған екен.

Ардагер Отан соғысы және III дәрежелі Даңқ ордендерімен, "Ерлігі үшін" медальдерімен марапатталған.


Жаңалықтар
0