Қоғам

Астанада жалған сертификат үшін 117 студент оқудан шығарылды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуСтуденттер, архивтегі фото
Студенттер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет есебінен білім алып жүріп, университеттен шығып қалған студенттер енді оқуға жұмсалған қаржыны қайтаруы тиіс

АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. "Астана" университетіне түсу үшін IELTS сертификатын сатып алған студенттер оқудан шығарылды, деп хабарлады Хабар 24.

Естеріңізге салайық, былтыр күзде емтиханды өз күшімен тапсырғандар арызданып, бұл іс бойынша тексеріс жүргізілген еді. Соның нәтижесінде ағылшын тілі емтиханы бойынша 117 тіркелмеген сертификат анықталды. 

Дәрігерлер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қателік жіберген дәрігерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы мүмкін

Магистратура немесе докторантураға түсемін дегендерге IELTS сертификаты емтихан кезінде басымдық береді. Сол себепті болар, былтыр көп адам бұл құжатты сатып алып, жарасын жеңілдеткісі келді. Алайда барлық сынақтан өз күшімен өткендер қалыптасқан жағдаймен келіспеді. Студенттер бұл мәселеге қоғам назарын барынша аударуға тырысты. Нәтижесінде Білім және ғылым министрлігі тексеріс жүргізіп, базада тіркелмеген 117 сертификат бар екенін анықтады. 

"Білім және ғылым министрлігінің комиссиясы екі рет тексеріс жүргізді. Басында біз 33 баланы шығардық. Жақында тағы 84 студент оқудан шеттетілді. Енді бұл азаматтар олардың оқуына жұмсалған қаржыны қайтаруы тиіс. Олардың көбі грантта оқыды. Тек 9 адам ғана оқуына өзі төледі", — дейді "Астана медициналық университеті" АҚ ректорының орынбасары Франц Галицкий.

Бұл оқиғаны тергеу қалалық ішкі істер департаментіне жүктелді. Нәтижесінде 117 қылмыстық іс қозғалды. Оның 30-ы сотқа жіберілді. 

"385-баптың 3-тарауы, яғни жалған құжатты пайдалану санкциясы бойынша 300 айлық есептік көрсеткіш айыппұл жазасы тағайындалады. Сонымен қатар қамауға алу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту да қарастырылған", — деп түсіндірді Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Болат Пазылов. 

Мысырда ұсталған қазақстандық студенттер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мысырда ұсталған қазақстандық студенттер үйлеріне қайтарылды

Оқудан шығып қалған студенттердің орны қазір бос. Енді емтиханды өз күшімен тапсырғандар осы гранттарды иеленуге үмітті. 

"Өкінішке қарай, біз бұл түйіткілді өз бетімізбен шеше алмаймыз. Ол үшін Білім және ғылым министрлігі бірқатар құжатты реттеу керек. Соның негізінде біз ақша төлеп оқып жатқандарды осы бос орындарға ауыстырамыз", — дейді Франц Галицкий.

Жалған сертификат сатып алған студенттің бәрі оқудан күзде шығарылуы тиіс еді. Бірақ соттың бұл шешімі уақытылы орындалмаған. Мұндай жағдайда медицина мамандарын даярлайтын оқу ордасы лицензиясынан айырылуы да мүмкін.

 


Жаңалықтар
0