11:56 08 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.60
  • EUR489.92
  • RUB5.85
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
30810

Таяу күндері еліміздің солтүстігі мен орталығында су тасқыны болуы мүмкін

АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Осы аптада Қазақстанның бірнеше облысына су басу қаупі төніп отыр, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер. Үлкен су 7 сәуірде келуі мүмкін.

"Қолдағы болжау мәліметтеріне сәйкес, осы жылдың 7-8 сәуірінен бастап Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны болады. Аталған өңірлерде жағдай қиындауы мүмкін. "Қазгидромет" РМК сәуірде жауын-шашын нормадан көп түседі деп болжап отыр. Жауын-шашын 8, 9, 10 және 11 сәуірде түседі деген болжам бар", — деп мәлімдеді ол брифингте.  

Беккер Шығыс Қазақстан облысындағы жағдай әлі де күрделі екенін атап өтті. Зырян ауданында 107 үйді су басып тұр. 

 22 ақпан мен 5 сәуір аралығында күн күрт жылынып, қардың жылдам еруі салдарынан елімізде 1 500 үй суда қалды. Су ШҚО, Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласының 50 елді мекеніне келді.   

Төрт мыңнан астам адамды көшіруге тура келген, оның үш мыңнан астамы өз үйіне оралды.  


Загрузка...

Басты тақырып