Қоғам

Біртанов стоматологияда көз жұмған баланың өліміне қатысты түсініктеме берді

CC0 / Michal Jarmoluk / стоматология, архив суреті
стоматология, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бала өлімі фактісіне қатысты тергеу жүріп жатыр

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қарағандыдағы стоматологияда болған қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Елжан Біртанов үкіметте өткен брифинг барысында аталған фактіге қатысты тергеу басталғанын айтты.

Тіс дәрігері баланы емдеп жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағандыда екі жасар бала тіс емханасында көз жұмды
 

"Тексеріс нәтижесі бойынша материалдар тергеу жүргізіп жатқан тергеу органдарына беріледі. Одан әрі шара қабылдау туралы шешім қабылданады. Біз ол дәрігердің жауапкершілігін тексеріп жатырмыз. Бұған дейін бұл дәрігер медициналық көмек көрсету стандарттарын бұзған. Талаптарды ескеріп қоғамдық денсаулықты бақылау комитетінің департаменті сот тәртібінде дәрігердің сертификатын алу, тиісінше сот шешім қабылдағанға дейін кәсіби қызметін тоқтату турал талап-арыз жолдады", — деді Біртанов. 

"Медициналық қызмет көрсету кезінде адам денсаулығына қандай да бір зиян келсе, мұндай жағдайлардың барлығы сараптама жүргізу арқылы заңға сәйкес қаралуы тиіс", — деп атап өтті министр. 

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды қаласында тіс емханаларының бірінде екі жастағы бала көз жұмған еді. Бүлдіршіннің ата-анасы полицияға арыз жазған. Ал баланың денесі Ресейдің Омбы облысына жіберілді.

Жаңалықтар
0