АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Қарағандыда тіс емханаларының бірінде вена ішілік наркоз еккеннен кейін екі жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды ekaraganda.kz.
Порталдың мәліметінше, отбасының досы Ольга Никулина баланың ата-анасының өтінішімен БАҚ-қа хабарласқан.
Ольга Никулина баланың ата-анасы Ресей азаматы екенін, Қазақстанда келісімшартпен қызметте жүргенін айтты.
"Баланың ата-анасы клиникада екі құжатқа қол қойған. Анасы дәрігерлерге кейбір тамақтарға аллергиясы бар екенін ескерткен. Дәрігерлер анестезия егуден бұрын аллергиялық реакцияға сынама алмаған", — дейді әйел.
"Жүрегі тоқтап қалған. Олар өздері құтқармақ болып, адреналин еккен, содан кейін жедел жәрдем шақырған", — дейді Ольга Никулина.
Баланың ата-анасы полицияға арыз жазды. Баланың мәйіті Ресейге – Омбы облысына жеткізілді.