Қоғам

Балиева: 7 жасар бүлдіршінмен кездескісі келетіндерге бір шартым бар

© ИА "Новости-Казахстан"Зағипа Балиева
Зағипа Балиева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірінші сынып оқушысы қазір әжесімен пәтерде тұрып жатыр

АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева 7 жасар баланың Астанада уақытын қалай өткізіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Әйел адам - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Менде ақша жоқ". 7 жасар баланың анасы Астанаға келуден бас тартқан
Бүгін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева Астанада арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, ОҚО-да зорланды делінген 7 жасар баланың жағдайы туралы толық ақпарат берді. 

Айтуынша, бала қазір әжесімен пәтерде. Бүлдіршінді көруге, сөйлесуге тыйым салынбаған, тек оған зорлау ісіне қатысты ешқандай сұрақ қойылмауы керек. 

"Баланы көруге ешкім шектеу қойып отырған жоқ. Оған тек болған оқиғаға қатысты сұрақ қоюға тыйым салынған. Ал басқа сұрақтар бойынша сөйлесіп, көруге болады. Кеше ол дүкенге барды, бүгін түстен кейін медициналық тексерістен өтеді. Кездескілеріңіз келсе, әрине, кездесе беріңіздер. Бірақ бір ғана шартпен – тергеуге қатысты ешқандай сұрақ қоюға болмайды", — деп қадап айтты Балиева. 

Депутаттың айтуынша, қазір оңтүстікқазақстандық бүлдіршін елең-алаңсыз ойнап, педагогтармен сабақ оқып жүр. 

Зағипа Балиева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Балиева 7 жасар баланың ісіне қатысты: сараптама толық әрі кешенді болуы керек
"Қазір "Асыл бала" сыйлаған телефонмен ойнап жүр. "Жас ұлан" (республикалық мектебі) түрлі қызықты, ақыл-ойды дамытатын ойындар жүктелетін планшетті сыйға тартпақшы. Сол планшетті күтіп жүр. Кеше еріктілер келіп, онымен танысты. Мұның бәрін айтып отырғаным: бала қоғамнан оқшау емес, оны ешкім жасырып отырған жоқ", — деп түсіндірді Балиева. 

Еске салып өтсек, үш-төрт күн бұрын отандық БАҚ бетінде "Абай ауылындағы мектептердің бірінде 7 жасар баланы жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлаған" деген ақпарат тараған еді. Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылында бар-жоғы бірінші сыныпта оқитын оқушыны өзінен 7-8 жас үлкен 4 оқушы 5 ай бойы зорлап келген көрінеді. Жәбір көрдім деген бала бұл туралы туыстарына былтыр тамыз айында айтқан екен. Содан бері полицейлерге неше мәрте барғанымен тәртіп сақшылары шағымды тек қаңтар айында қабылдапты. 

Алайда сот-медициналық сараптама қорытындысы бірінші сынып оқушысына сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасалғанын теріске шығарды.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева Шымкент қаласына барып, 7 жасар бүлдіршінді әжесімен бірге Астанаға алып келді. Қазір баланың жағдайы жақсы, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Зағипа Балиева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Балиева 7 жасар баланың отбасы туралы айтты
Кеше ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданы, Абай ауылындағы мектепте болған келеңсіз жағдайға байланысты жауапты тұлғаларға шара қолданды. Атап айтсақ, ҚР заңына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековке қатаң ескерту берілді. Сондай-ақ, Сарыағаш аудандық жергілікті полиция қызметі басшысы О.Бердалы  мен Сарыағаш ауданы, Абай ауылдық жергілікті полиция бөлімшесінің басшысы Ә.Ибрагимов, ювеналды полиция бөлімшесінің №73, №74 жалпы орта мектептеріне жауапты полиция инспекторы Қ.Сәриев қызметінен босатылды.

Жаңалықтар
0