Қоғам

Сарыағашта 7 жасар баланың ісіне қатысты полицейлер жұмыстан қуылды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуПолиция көлігінің архивтегі фотосы
Полиция көлігінің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі-үш күн бұрын БАҚ бетінде "Абай ауылындағы мектептердің бірінде 7 жасар баланы жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлаған" деген ақпарат тараған еді

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданы, Абай ауылындағы мектепте болған келеңсіз жағдайға байланысты жауапты тұлғаларға шара қолданды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Баланың сұлбасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
"Шалбарынан әшуін шығарды". Сарыағаштағы оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты
Жиында әкім аталған оқиға дер кезінде назарға алынып, тиісті жұмыстар атқарылмағандықтан, қоғамда үлкен резонанс тудырғанын айтып, осы мәселеге қатысты жауапты азаматтарға шара қолданылатынын жеткізді.

Яғни аталған мәселе бойынша тергеу амалдарының объективті және жан-жақты жүргізілуін қамтамасыз ету үшін, тергеу аяқталғанға дейін осы оқиғаға қатысты барлық лауазымды тұлға мен жауапты қызметкерлер өз қызметінен уақытша шеттетілді. 

Атап айтсақ, ҚР заңына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековке қатаң ескерту берілді. Сондай-ақ, Сарыағаш аудандық жергілікті полиция қызметі басшысы О.Бердалы  мен Сарыағаш ауданы, Абай ауылдық жергілікті полиция бөлімшесінің басшысы Ә.Ибрагимов, ювеналды полиция бөлімшесінің №73, №74 жалпы орта мектептеріне жауапты полиция инспекторы Қ.Сәриев қызметінен босатылды.  

"Сонымен қатар аудандағы жағдайды дер кезінде назарға алып, тиісті шара қабылдамаған аудан әкімі Қ.Әбдуәлиевке қатаң сөгіс жариялаймын. Бұдан бөлек, сол салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары Қ.Қыстаубаевқа шара қолдануды және Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Майрихов пен №73, №74 жалпы орта мектеп директорларын тергеу амалдары аяқталғанша жұмыстан шеттетуін тапсырамын", — деді Түймебаев.

Сондай-ақ, әкім облыстық білім басқармасының басшысы И.Сағындықовқа  сөгіс түрінде шара қолданылатынын атап өтті.

Вокзал - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Әжейді немересімен бірге полицияға күштеп жеткізді – баланың өкілі
Бұдан басқа әкім аталған мәселе бойынша эксперттік комиссиямен ауданда және облыста екі рет медициналық тексеріс жүргізіліп, қорытындысы бойынша баланың зорланғандығы расталмағанын мәлім етті.

Жиын барысында өңір басшысы ОҚО-ға бала жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева арнайы келіп, «жоғары сынып оқушылары тарапынан зорлық көрді» делінген баланың жай-күйімен танысқанын және оны Астана қаласындағы  арнайы мамандардың қатысуымен кешенді сот-медициналық сараптамасына өткізу үшін алып кеткенін жеткізді. Ендігі уақытта бұл мәселе қатаң бақылауға алынып, өңірдегі барлық білім ошақтарында профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.

Жаңалықтар
0