Қоғам

Білім министрлігі атышулы орыс тілі оқулығының кем-кетігін түзетуге уәде берді

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуОқушы
Оқушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім және ғылым министрлігі мәлімдегендей, Зинаида Сәбитованың орыс тілі оқулығында жіберілген қателіктер жөнделеді

АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Зинаида Сәбитованың орыс тілі оқулығының, бұрын айтылған сындар ескеріле отырып, кем-кетігі жөнделеді, деп хабарлады ҚР БҒМ мектеп алды және орта білім департаментінің директоры Шолпан Кәрінова.

Латын әліпбиіндегі кітаптар - Sputnik Қазақстан
Экономика
Оқулықтарды латын әліпбиіне аудару шығынын кім көтереді?

"Орыс тілі оқулығында коммуникативті ұстаным басшылыққа алынған, яғни лексикалық тақырыптар арқылы грамматиканы үйретеді. Ұстаздар, оқу бағдарламасын жасаушылар және оқулық авторлары ақылдаса отырып, оқу бағдарламасына өзгертулер енгізу туралы шешім қабылдады, сөйтіп, лексикалық материалдармен қатар грамматикалық тапсырмалар да қосылады. Сол себепті биыл сараптамадан өтетін оқулықтар грамматикалық және лексикалық ұстаныммен шығарылатын болады. Ұстаздар қауымының ұсынысына байланысты барлық мәселелер ескерілді. Зинаида Сәбитованың 5-7 сыныптарға арналған оқулықтары да биыл түзетіледі", — деді Кәрінова орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Жалпы айтқанда, оның мәліметінше, оқулықтарды жазу ұстанымы түбегейлі өзгермейді, өйткені дәстүрлі жүйе ұзақ жылдар бойы қалыптасқан, ал қазір білім беру жүйесі кітап мазмұнын біртіндеп жаңартып жатыр. 

Естеріңізге сала кетсек, оқу жылы басталғалы бері оқулықтарға қатысты бірнеше мәрте шу шықты. Ата-аналардың үлкен наразылығын тудырған Зинаида Сәбитованың жетінші сыныпқа арналған орыс тілі оқулығы болды. 


Жаңалықтар
0