Экономика

Оқулықтарды латын әліпбиіне аудару шығынын кім көтереді?

© Sputnik / Айгюзель КадирЛатын әліпбиіндегі кітаптар
Латын әліпбиіндегі кітаптар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның білім және ғылым министрлігі оқулықтарды латын әліпбиіне аудару үшін мемлекет қаражат төлемейді, мәселені басылымдардың өзі шешеді деп сендірді

АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде латын әліпбиіндегі жаңа оқулықтарды енгізу үшін мемлекет бюджетінен қаражат бөлінбейді, деді ҚР БҒМ мектепалды және орта білім департаментінің директоры Шолпан Кәрінова.

Изучение казахского алфавита на латинице - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутат: латын әліпбиі қазақ ұлтының бөлшектенуіне әкеп соғуы мүмкін

"2020 жылдан бастап даярлық сыныптары үшін латын әліпбиіндегі оқулықтар баспадан шығады. Бұл туралы алдында да мәлімдедік. Мемлекеттік қаражат шығындалмайды. Өйткені оқулықтарды әзірлеу бәсекелестік ортаға тапсырылған. Бұл мәселені басылымдар шешіп жатыр", — деді Кәрінова орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Атап айтқанда, "Әліппе" және орыс тіліндегі "Букварь" оқулықтары апробацияға берілген, қазір де мұғалімдер бұл кітаптармен танысып шыға алады.

"2020 жылға дейін уақыт бар, басылымдар жұмыс істейді, қажетті педагогикалық сараптама жасалады. 2025 жылға дейін жоспар бойынша латын әліпбиіне көшу жыл сайын кезең-кезеңімен жүргізіліп, қаражат оқулықтарды сатып алуға және мұғалімдердің біліктілігін арттыруға ғана жұмсалмақ", — деп атап өтті Кәрінова орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Жаңалықтар
0