15:23 15 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.81
  • EUR517.00
  • RUB5.91
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
227701

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болады

АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Бүгін де еліміздегі ауа райын антициклон анықтайды, соның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с күшейеді, Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман  түседі. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Алакөл көлдерінде жел 18-23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі. 

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, күндіз Павлодар, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейіп, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысында өте қатты,  кей жерлерде қатты аяз болады, Жамбыл облысында қатты аяз сақталады, кей жерлерде өте қатты аяз, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз сақталады, солтүстігінде кей жерлерінде өте қатты аяз болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде өте қатты аяз болады.

Қарағанды облысында,  Шығыс Қазақстан, Қызылорда  облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болады.  


Кілт сөздер:
ауа райы, аяз
Загрузка...

Басты тақырып