Қоғам

Енді мұғалімдер смартфон арқылы оқушыға баға қояды

© Public DomainСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім және ғылым министрлігі ұстаздарға ыңғайлы болу үшін мобильді қосымша әзірлеп жатыр

АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Көктемге қарай мұғалімдерге смартфон арқылы баға қоюға мүмкіндік беретін мобильді қосымша шығады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Мұғалімдерге баға қою ыңғайлы болу үшін мобильді қосымша енгізуді жөн көрдік. Себебі электронды журнал пилоттық жобасы қосымшаның ұстаздарға ыңғайлы әрі пайдалы болатынын көрсетті. Мобильді қосымша көктемге қарай толық дайын болады деп жоспарлап отырмыз. Осыдан кейін мұғалімдер смартфондары арқылы оқушыға баға қоятын болады",-деді Аймағамбетов. 

ЖОО студенттерінің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Білім министрлігі профессорлардың жалақысы қашан өсетінін айтты
Оның айтуынша, кейбір мектептерде электронды және қағаз журнал қатар жүргізілгендіктен, білім және ғылым министрінің бұйрығына өзгеріс енгізілген. Оған сәйкес, енді сапалы интернет қолжетімді мектептерде журнал тек электронды түрде жүргізілуі тиіс.  

"Электронды журнал мұғалімдердің жүктемесін азайту мақсатында енгізілген. Көптеген өңірде, соның ішінде Қарағанды облысы мен Алматыда пилотты жоба сынақтан өтіп жатыр. Бүгінде жоба жемісін берді, бірқатар түйткілдің түйінін тарқатқанын көріп отырмыз. Десек те кейбір мектептерде қағаз журнал мен электронды журнал қатар жүргізілген, осындай проблемалар бар. Сондықтан біз білім және ғылым министрінің бұйрығына өзгеріс енгіздік. Егер білім ошағында кең жолақты интернет қолжетімді болса, онда журналды тек электронды түрде жүргізу керек. Екі журналды қатар толтыруға тыйым салынады. Себебі электронды журналға қоса қағаз журналды толтыру ұстаздардың жұмысын көбейтеді. Сондықтан аталған бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз", —деді Аймағамбетов.

Жаңалықтар
0