Қоғам

Үнді азаматына тұрмысқа шыққан тараздық келіншек Америкада іздестірілуде

© Photo : официальный аккаунт МИД Казахстана в FacebookАстанадағы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ғимараты
Астанадағы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Анасы Сәулехан Әбдіханова қызынан төрт жылдан бері хабар ала алмай отыр

АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. ҚР СІМ консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев 4 жылдан бері хабар болмаған Ақмарал  Әбдіханова қазір Америкада жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Үндістан, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Үнді азаматына тұрмысқа шыққан тараздық келіншек жоғалып кетті
"Ақмарал Әбдіханованың мәселесі басты назарда. 2010 жылы тұрмысқа шыққан ол Үндістанға кеткен. Содан бері туысқандарымен байланысқа шығуды тоқтатқан. Оны іздеуге көшкенімізде Мәскеуде жүргенін, кейін Маврикийға аттанғанын анықтадық. Ал соңғы мәліметтер бойынша ол АҚШ-та жүр. Екі күн бұрын анасы жүгініп, қызының қандай штаттарда болуы мүмкін екенін болжап айтты. Осыдан кейін біз консул қызметкерлеріне қызды іздестіру үшін тиісті нұсқаулар бердік", — дейді Мадиев. 

Оның айтуынша, тараздық келіншектің жақындарымен байланысын үзгені іздеу жұмыстарын қиындатып отыр. 

"Мұнда басты проблема келіншектің өзінде болып тұр. Себебі ол туысқандарымен мүлде араласпайды, анасымен байлансқа шықпайды, өзі көмек сұрап жүгінбей отыр", — деді ол.

Естеріңізге салып өтсек,  Тараз тұрғыны Сәулехан Әбдіханова шетел асып кеткен қызын іздеп таппай жүр. Айтуынша, осыдан жеті жыл бұрын Үнді мұхитындағы Маврики аралына Үндістан азаматымен ілесіп кеткен Ақмарал  Әбдіхановадан 4 жылдан бері хабар жоқ.  Өзінен шамамен 20 жас үлкен Сэнди Тайламимен Ақмарал Әбдіханова 21 жасында Алматыда жүріп танысқан.


Жаңалықтар
0