АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. ҚР СІМ консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев 4 жылдан бері хабар болмаған Ақмарал Әбдіханова қазір Америкада жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, тараздық келіншектің жақындарымен байланысын үзгені іздеу жұмыстарын қиындатып отыр.
"Мұнда басты проблема келіншектің өзінде болып тұр. Себебі ол туысқандарымен мүлде араласпайды, анасымен байлансқа шықпайды, өзі көмек сұрап жүгінбей отыр", — деді ол.
Естеріңізге салып өтсек, Тараз тұрғыны Сәулехан Әбдіханова шетел асып кеткен қызын іздеп таппай жүр. Айтуынша, осыдан жеті жыл бұрын Үнді мұхитындағы Маврики аралына Үндістан азаматымен ілесіп кеткен Ақмарал Әбдіхановадан 4 жылдан бері хабар жоқ. Өзінен шамамен 20 жас үлкен Сэнди Тайламимен Ақмарал Әбдіханова 21 жасында Алматыда жүріп танысқан.