Қоғам

Гарвард және Оксфорд университеттері қазақтың бүркітші қызын оқуға шақырды

© Photo : Майдар СосорбарамГарвард және Оксфорд университеттері қазақтың бүркітші қызын оқуға шақырды
Гарвард және Оксфорд университеттері қазақтың бүркітші қызын оқуға шақырды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлемнің танымал университеттері Айшолпанды "Бүркітші қыз" фильмі шыққаннан кейін оқуға шақырған

АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Гарвард және Оксфорд университеттері Моңғолияда тұратын бүркітші қыз Айшолпан Нұрғаеваны оқуға шақырды, деп хабарлайды ARD.

Қазір Айшолпан Баян-Өлгий аймағындағы орта мектепте 11 сыныпта оқиды. Жуырда  Азияның беделді "Asia Game Changer Awards 2017" марапатын жеңіп алды.

Жақында бүркітші қызды Моңғолия премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух қабылдады. Премьер министрлер кабинеті атынан мектеп оқушысын құттықтап, қыздың ата-анасына алғыс айтты. 

"Бүркітші қыз" – тамаша фильм. Сіз әйелдерге тән ерлік, батылдық пен табандылықты танытып, халықаралық аренада Моңғолияның атын шығардыңыз", — деді Хурэлсух. 

Айшолпан премьер-министрге дәрігер болуды армандайтынын айтты. 

"Кинода ойнаған көңілді әрине, бірақ мен әлі де дәрігер болғым келеді", — деді бүркітші қыз. 

Сондай-ақ, туған жері Моңғолияның дамуына өз үлесін қосқысы келетінін де айтты.

Жаңалықтар
0