АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Гарвард және Оксфорд университеттері Моңғолияда тұратын бүркітші қыз Айшолпан Нұрғаеваны оқуға шақырды, деп хабарлайды ARD.
Қазір Айшолпан Баян-Өлгий аймағындағы орта мектепте 11 сыныпта оқиды. Жуырда Азияның беделді "Asia Game Changer Awards 2017" марапатын жеңіп алды.
Жақында бүркітші қызды Моңғолия премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух қабылдады. Премьер министрлер кабинеті атынан мектеп оқушысын құттықтап, қыздың ата-анасына алғыс айтты.
"Бүркітші қыз" – тамаша фильм. Сіз әйелдерге тән ерлік, батылдық пен табандылықты танытып, халықаралық аренада Моңғолияның атын шығардыңыз", — деді Хурэлсух.
Айшолпан премьер-министрге дәрігер болуды армандайтынын айтты.
"Кинода ойнаған көңілді әрине, бірақ мен әлі де дәрігер болғым келеді", — деді бүркітші қыз.
Сондай-ақ, туған жері Моңғолияның дамуына өз үлесін қосқысы келетінін де айтты.