Қоғам

Қазақстан темір жолы жолаушылардың сынына жауап берді

© Sputnik / Серикжан КовланбаевПойыз
Пойыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚТЖ атап өткендей, жолаушыны таза жатын орынмен қамтамасыз ету – негізгі қағида

АСТАНА, 7 қыркүйек — Sputnik. Пойыз жолаушыларын таза жатын орынмен қамтамасыз ету негізгі қағида болып табылады, деп мәлімдеді "Жолаушылар тасымалы" компаниясының трансформация және даму жөніндегі атқарушы директор міндетін орындаущы Асылхан Қалдыкөзов.

Темір жолдарын жөндеу - Sputnik Қазақстан
Экономика
ҚТЖ жазғы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр

Астанада Халықаралық жолаушылар форумы кезінде сөйлеген сөзінде Қалдыкөзов жолаушыларды вагондардағы тазалық, дені дұрыс төсек комплекттері сияқты негізгі заттармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

"Бүгін мемлекет алдында бір мәселені көтереміз, яғни инвестиция құйып, дұрыс технологиямен, сапалы төсек комплекттерін сатып алу, өңдеу, жуу технологияларын толығымен сақталуын қамтамасыз ететін әлеуеті бар компанияларды тарту. Осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Негізгі қағидаралардың бірі осы, олар болмаса, басқа мәселелер туралы сөйлесудің қажеті жоқ", — деді Қалдыкөзов ҚТЖ пойыздарындағы жатын орын сапасы туралы сынға қатысты сұраққа жауап беріп.

Жаңалықтар
0