Қоғам

Суретші Күйіков Нобель сыйлығы туралы: бұл "Невада-Семей" қозғалысының еңбегі

© Из архива Карипбека КуюковаХудожник Карипбек Куюков
Художник Карипбек Куюков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Суретші және АТОМ жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынылды

АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Суретші және АТОМ жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына өз кандидатурасының ұсынылғаны туралы жаңалыққа қатысты пікірін білдірді. 

"Бұл тек ұсыныс қана, бірақ бұл бірінші кезекте Невада-Семей қозғалысы, Атом жобасы мен осы жұмыстың басы-қасында жүрген, қазір өмірде жоқ барлық адамдардың ерен еңбегі», — деп қысқа ғана қайырған Күйіков фейсбуктегі жазбасында. 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Нұрсұлтан Назарбаев Нобель сыйлығына ұсынылды

Кәріпбек Күйіков Семей ядролық полигоны орналасқан жерден 100 шақырымдай жердегі Қарқаралы ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылында туған. Ол полигонның ащы зардабын көрген жандардың бірі. Туғанынан қолы жоқ болса да, ол еш мойымай, Семей полигонының жабылуына атсалысады. Кәріпбек Күйіковтің ядролық қаруға төзуге болмайтынын Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге дәлелдеп жүрген қайсарлығы көпшілікке белгілі. Оның тісімен немесе аяқтарының башпайының көмегімен салған суреттері полигонның қасіретін көз алдыңа әкеледі. Оның туындылары Түркияда, Жапонияда, АҚШ-та, Германияда, тағы да басқа шет мемлекеттердің көрмесіне қойылды. Ал суретшінің  «Жарылыс» атты туындысын Елбасы АҚШ президенті Барак Обамаға табыстаған еді. 

Батыр суретші осы күнге дейін әлемді шарлап, адамдарға ядролық сынақтардың зардабын айтудан, көрсетуден  еш жалыққан емес. Бұл күресін ол өмірінің соңына дейін  жалғастыратынына шәк келтірмейміз. 

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен "АТОМ" жобасының құрметті елшісі, суретші Кәріпбек Күйіков Нобель сыйлығына ұсынылды.  Бұл туралы өзінің  Facebook желісіндегі парақшасында  Basel Peace Office ғылыми-зерттеу институтының директоры Алин Варе хабарлаған. Оның сөзіне қарағанда, ол Назарбаев пен Күйіковті ядролық қаруды жоюдағы ерен күш-жігері үшін бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынған. 

Нобель бейбітшілік сыйлығы – бейбітшілікті нығайту саласындағы жетістіктер үшін Нобель қоры жыл сайын ұсынатын абыройлы сыйлық. 

 

 

Жаңалықтар
0