АСТАНА, 27 ақп – Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен "АТОМ" жобасының құрметті елшісі, суретші Кәріпбек Күйіковті Нобель сыйлығына ұсынылды, бұл туралы өзінің Facebook желісіндегі парақшасында Базель бейбітшілік кеңесі Бейбітшілік ғылыми-зерттеу институтының директоры Алин Варе жазған.
Варенің сөзіне қарағанда, ол Назарбаев пен Күйіковті ядролық қаруды жоюдағы ерен күш-жігерлері үшін бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынған.
Мәлімдемеде Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан президенті ретінде ядролық қарусыздану саласында бірқатар маңызды бастамалар қабылдағандығы айтылған. Оның ішінде Семей полигонын жабу.
Нобель бейбіт сыйлығы – бейбітшілікті нығайту саласындағы жетістіктер үшін Нобель қоры жыл сайын ұсынатын абыройлы сыйлық.