Қоғам

Астанада "Халық сүйіктілері" марапатталды

© Sputnik / Юлия КузнецоваАстанада "Халық сүйіктілері" марапатталды
Астанада Халық сүйіктілері марапатталды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"2016 жылғы халық сүйіктісі" сыйлығына спортта, әлеуметтік өмірде, саясатта, fasion-индустрия және өзге салаларда ерекшеленген 24 қазақстандық ие болды

АСТАНА, 15 қаң — Sputnik. Астанада алтыншы рет жыл сайынғы "Халық сүйіктісі" сыйлығын тапсырды. Жеңімпаздарға марапат тапсыру салтанаты 14 қаңтар күні елордалық залдардың бірінде өтті. 300 мыңнан астам адам Facebook желісінде дауыс беру арқылы көшбасшыларды анықтап, ал қазылар алқасы әр номинациядағы жеңімпаздарды таңдады. 

"Халық сүйіктісі" сыйлығының барлық номинациялар бойынша жеңімпаздардың есімдері 2016 жылғы 27 желтоқсанда анықталып қойған. Жыл сайын номинациялар қатары артып келеді, бұл жолы бұл марапатқа 24 "халық сүйіктісі" ие болды. 

Астана - Щучинск тас жолында болған апат - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ер жүрек: көлік апаты кезінде өз өмірін құрбан еткен ер адам марапатталады

"Батыл жүрек" пен "Алтын дәуір" құрметті номинациялары "Ең халықтық" атанды. "Батыл жүрек" жүлдесi Щучье-Астана тас жолында адамдарды құтқарамын деп қаза тапқан Құмарбек Жәкетайдың туыстарына берілді. "Алтын дәуір" номинациясына Юрий Померанцев ие болды. 

"Жыл ұстазы" аталымында Вадим Моторин атанды, "Жыл дәрігері" атағына Жақсылық Досқалиев ие болса, Дмитрий Баландин "Жыл спортшысы" деп танылды. Ал боксшы Василий Левит "Халықтың үздік чемпионы" ретінде марапатталды.

© Sputnik / Юлия КузнецоваҚазақстанның белгілі қайраткерлерінің портреттері
Қазақстанның белгілі қайраткерлерінің портреттері - Sputnik Қазақстан
1/3
Қазақстанның белгілі қайраткерлерінің портреттері
© Sputnik / Юлия КузнецоваВасилий Левит пен Дмитрий Баландиннің портреттері
Василий Левит пен Дмитрий Баландиннің портреттері - Sputnik Қазақстан
2/3
Василий Левит пен Дмитрий Баландиннің портреттері
© Sputnik / Юлия КузнецоваВасилий Левит "Халық сүйіктілері" марапатында
Василий Левит Халық сүйіктілері марапатында - Sputnik Қазақстан
3/3
Василий Левит "Халық сүйіктілері" марапатында
1/3
Қазақстанның белгілі қайраткерлерінің портреттері
2/3
Василий Левит пен Дмитрий Баландиннің портреттері
3/3
Василий Левит "Халық сүйіктілері" марапатында

"2016 жылғы халық сүйіктісі" сыйлығының лауреаттары: 

1."Жыл ұстазы" — Вадим Моторин.

2."Жыл дәрігері" — Жақсылық Досқалиев 

3."Жыл спортшысы" — Дмитрий Баландин. 

4."Батыл жүрек" — Құмарбек Жәкетай. 

5."Халықтың үздік чемпионы" — Василий Левит.

6."Алтын дәуір" — Юрий Померанцев

7."Жылдың үздік қоғамдық қайраткері" — Салтанат Рахимбекова

8."Жыл саясаттанушысы" — Айдос Сарым

9.Талғат Кірбетов атындағы сыйлық — Сәби Байбосынов.

10."Үздік Fashion қайраткер" — Аида Кауменова

11."Жыл парламентарийі" — Нұртай Сабильянов

12."Жыл меценаты" — Қажымқан Мәсімов

13."Жыл бизнесі" — "Албастройдор" ЖШС,

14."Киноиндустрия беделдісі" — Әділ Аxметов

15."Жыл эстарада әртісі" — Мейрамбек Беспаев

16."Жылдың үздік тележүргізушісі" — Гүмира Дайрабаева

17."Үздік ақпараттық портал" — Matrica.kz.

18."Жетістік пен даму" — Жанарыс Еңсепов, Дмитрий Петрухин,

19."Үздік блогсфера көшбасшы" — Гауxар Өтелбаева,

20."Жыл публицисті" — Талғат Қалиев.

21,22. "Жыл фермері" — Бақдәулет Маxашов, Жомарт Омаров.

23. "Жыл бизнесмені" — Сайран Хамзин.

24. "Елорданың дамуына қосқан үлесі үшін" — Advart жарнама-өндірістік компания.


Жаңалықтар
0