Қоғам

Психолог тәуелсіздік құрдастары туралы: оларда ішкі бостандық басым

CC0 / / Жасөспірімдер
Жасөспірімдер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Психоанализ институтының директоры Анна Кудиярова тәуелсіздік құрдастары туралы сұхбат берді.

АСТАНА, 18 жел – Sputnik. Қазақстан тәуелсіздігі құрдастары биыл 25-ке толады. Олар кімдер әрі кеңес дәуірінде өскен алдыңғы буын өкілдерінен несімен ерекшеленеді, міне, осы сұрақтарға Психоанализ институтының директоры Анна Кудиярова Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында жауап берді.

Астана қаласы Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы мекемесінің бас дәрігері  Ербол Нұрқатов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ербол Нұрқатов: психиатр дәрігерлерден қорқудың қажеті жоқ

"1980 жылдары Мәскеуде жүріп, америкалық мектеп оқушыларын кезіктірдім. Менің пайымдауымша, олар өте емін-еркін өскен балалар еді, қонақ үй залында аяқтарын үстелдің үстіне шығарып отырды. Бұл біз үшін ақылға сыймайтын жайт еді. Ал, енді 25 жыл өткен соң біздің балалар да америкалық оқушыларға ұқсайды деп айта аламыз. Әсіресе, Алматы мен Астананың балаларын алып қарайтын болсақ – мегаполистің аты – мегаполис", — деді Кудиярова.

Оның пікірінше, қазіргі заманғы қазақстандық жастарда кеңес дәуірінде өскен адамдарға қарағанда ішкі бостандық пен еркіндік басымырақ.

"Мен қазіргі жастарды жан дүниесінің еркіндігі үшін құрметтеймін, шетелде білім алуға ұмтылыстарын жоғары бағалаймын. Бірнеше тілде емін-еркін сөйлейді, яғни қазіргі жастардың білімі жоғары", — дейді психолог.

Сонымен қатар, маманның пайымдауынша, қазіргі қазақстандық жастар алдыңғы буын өкілдерімен салыстырғанда өзімшілдеу.

"Психоаналитик ретінде қызмет етіп жүріп, қазақ тілді клиенттерге өзімшілдік қасиеттің жетіспейтіндігін байқаймын – олар "біз" деген есімдікті көбірек қолданады, "мен" деген ұғым жоқ", — деп санайды психоаналитик.

Кудиярова қазіргі жастардың мақсатқа талпынушы мінезін түсіндіріп берді.

"Бұрын менің бар мақсатым сабақты жақсы оқу болатын. Мектепте жақсы оқысам – ЖОО-на түсемін. Жақсы оқысам – жұмыс та, пәтер де, бәрі де болады. Қазір болашаққа ешқандай кепілдік жоқ. Сол себепті жастар көп еңбектену керек. Пәтер, көлік алып, жағдайын жасаған соң ғана отбасын құрады. Сол себепті жастар кеш үйленіп жатады", — дейді маман.

Жаңалықтар
0