https://sputnik.kz/20220117/Almaty-oblysy-qaru-arsenal-19160410.html
Алматы облысында ауыл тұрғынынан қару-жарақ арсеналы табылды – видео
Алматы облысында ауыл тұрғынынан қару-жарақ арсеналы табылды – видео
Sputnik Қазақстан
Оған Талдықорғанда тәртіпсіздіктер мен бүлікке қатысты деген айып тағылып отыр. Табылған айғақтардың арасында құқыққорғаушылардың каскалары мен бронежилеттері... 17.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-17T15:45+0500
2022-01-17T15:45+0500
2022-05-23T15:38+0500
алматы облысы
қару-жарақ
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e5/08/1f/17995089_0:0:3077:1731_1920x0_80_0_0_0be8070bfd321352eddcd5624cc9e528.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында 24 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Одан жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған атыс қаруы мен күш құрылымы қызметкерлерінің арнайы құралдары тәркіленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Қоймадан бес оқжатары бар үш Макаров тапаншасы, 9 мм калибрлі оқ-дәрі, үш бронежилет пен екі полицей каскасы тәркіленді", - деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Ведомство ақпаратынша, ер адам қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Қылмыстық кодекстің 291-бабы "Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.Оқи отырыңыз: Алматы облысында бір отбасы қаза болды – туыстары мән-жайды баяндадыЕске салсақ, 5-6-7 қаңтар күндері Талдықорғанда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде облыс әкімдігіне, құқық қорғау органдары бөлімшелеріне, сонымен қатар сауда орталықтары мен дүкендеріне шабуыл жасалды. Кейбір нысандарға өрт қойылып, тоналды. Ұрланғандар арасында атыс қаруы, оқ-дәрі және күш құрылымы қызметкерлерінің арнайы құралдары бар.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/1f/17995089_117:0:2846:2047_1920x0_80_0_0_e217604d983463efd925b1931c05376b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, қару-жарақ
алматы облысы, қару-жарақ
Алматы облысында ауыл тұрғынынан қару-жарақ арсеналы табылды – видео
15:45 17.01.2022 (жаңартылды: 15:38 23.05.2022) Оған Талдықорғанда тәртіпсіздіктер мен бүлікке қатысты деген айып тағылып отыр. Табылған айғақтардың арасында құқыққорғаушылардың каскалары мен бронежилеттері бар
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында 24 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Одан жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған атыс қаруы мен күш құрылымы қызметкерлерінің арнайы құралдары тәркіленді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Күдікті Мұқан Төлебаев ауылында ұсталды. Жас жігіт Талдықорғанда мемлекеттік мекемелерді ойрандауға қатысып, кейін осы ауылда бой тасалаған. Ер адам облыс орталығы аумағында ұрланған қару, оқ-дәрі, каска мен бронежилеттерді жасырғаны анықталды.
"Қоймадан бес оқжатары бар үш Макаров тапаншасы, 9 мм калибрлі оқ-дәрі, үш бронежилет пен екі полицей каскасы тәркіленді", - деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство ақпаратынша, ер адам қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Қылмыстық кодекстің 291-бабы "Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Еске салсақ, 5-6-7 қаңтар күндері Талдықорғанда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде облыс әкімдігіне, құқық қорғау органдары бөлімшелеріне, сонымен қатар сауда орталықтары мен дүкендеріне шабуыл жасалды. Кейбір нысандарға өрт қойылып, тоналды. Ұрланғандар арасында атыс қаруы, оқ-дәрі және күш құрылымы қызметкерлерінің арнайы құралдары бар.