https://sputnik.kz/20220113/Almaty-oblysy-otbasy-tuystar-19132632.html
Алматы облысында бір отбасы қаза болды – туыстары мән-жайды баяндады
Алматы облысында бір отбасы қаза болды – туыстары мән-жайды баяндады
Sputnik Қазақстан
Талдықорғанда ерлі-зайыпты және олардың 15 жастағы қызы қаза болды: отбасы отырған көлікке оқ жаудырған 13.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-13T07:24+0500
2022-01-13T07:24+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
https://sputnik.kz/img/874/19/8741914_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_0b10c6cafd2e97775bc998dc9e89f949.jpg
ТАЛДЫҚОРҒАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Талдықорғанда қызымен бірге қаза болған ерлі-зайыптының туыстары трагедияның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.Қаза тапқан 51 жастағы әйелдің немере інісі Дастанның айтуынша, қайғылы оқиға 8 қаңтарда "Қаратал" шағын ауданында болған. Отбасы достарына қонаққа барып, үйіне көлікпен қайтып келе жатқан."Олар кешкі сағат 9-да қайтып келе жатқан. Отбасы сол "Қаратал" шағын ауданындағы жеке секторда тұратын. Жол 3-4 минут уақытты алады ", - дейді Дастан.Оның айтуынша, көлік ішіндегілер артқы жақтан атылған оқтан ажал құшқан."Бұл қарапайым бейбіт адамдар еді. Жездем қаладағы зауыттардың бірінде жұмыс істеді, ал әпкем – үй шаруасындағы әйел. Олардың қаза болған кәмелетке толмаған қызы мектепте оқитын. Туыстарымыз телефон қоңырауына жауап бермегендіктен біз оларды іздестірдік", - дейді қаза болғандардың туыстары.Отбасын өлтіру фактісін ішкі істер министрлігі әскери тергеу басқармасының қызметкерлері тергеп жатыр. Оқи отырыңыз: Алматы облысындағы тәртіпсіздіктер кезінде бір үйден үш адам қаза болды – видео
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/874/19/8741914_213:0:1920:1280_1920x0_80_0_0_2cac2a3e1ad498574eee4b349b21e18f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Алматы облысында бір отбасы қаза болды – туыстары мән-жайды баяндады
07:24 13.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Талдықорғанда ерлі-зайыпты және олардың 15 жастағы қызы қаза болды: отбасы отырған көлікке оқ жаудырған
ТАЛДЫҚОРҒАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Талдықорғанда қызымен бірге қаза болған ерлі-зайыптының туыстары трагедияның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды
Sputnik тілшісі.
Қаза тапқан 51 жастағы әйелдің немере інісі Дастанның айтуынша, қайғылы оқиға 8 қаңтарда "Қаратал" шағын ауданында болған. Отбасы достарына қонаққа барып, үйіне көлікпен қайтып келе жатқан.
"Олар кешкі сағат 9-да қайтып келе жатқан. Отбасы сол "Қаратал" шағын ауданындағы жеке секторда тұратын. Жол 3-4 минут уақытты алады ", - дейді Дастан.
Оның айтуынша, көлік ішіндегілер артқы жақтан атылған оқтан ажал құшқан.
"Бұл қарапайым бейбіт адамдар еді. Жездем қаладағы зауыттардың бірінде жұмыс істеді, ал әпкем – үй шаруасындағы әйел. Олардың қаза болған кәмелетке толмаған қызы мектепте оқитын. Туыстарымыз телефон қоңырауына жауап бермегендіктен біз оларды іздестірдік", - дейді қаза болғандардың туыстары.
Отбасын өлтіру фактісін ішкі істер министрлігі әскери тергеу басқармасының қызметкерлері тергеп жатыр.