Өңірлер

Алматыда эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады

© AP Photo / Alexander ZemlianichenkoМедики в защитных костюмах везут пациента в больницу с коронавирусом
Медики в защитных костюмах везут пациента в больницу с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2022
Жазылу
Апта ішіндегі сыртқаттанушылық пен бұрын коронавирус жұқтырғандардың қайта ауыруы да күрт өсті
АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Алматыда коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады, қазір қала "қызыл" аймақта тұр. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Қарлығаш Әдбіжаббарова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әдбіжаббарованың айтуынша, бір апта ішінде қалада сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 2,2 есе өсті.
"Эпидемияның тағы бір толқыны жаңа жылдық мерекелер мен қаңтардың басындағы оқиғалардан кейін басталды. Бұл қалада "омикрон" штамының таралуына байланысты болып отыр. "Омикрон" биыл 6 қаңтарда толық геномдық секвенирлеу нәтижесі бойынша расталады. Денсаулық сақтау министрлігінде 96 сынаманың ішінде 8 сынамада "омикрон" штамы анықталды, оның ішінде 7 сынама Алматы қаласынан шықты", - деді Әдбіжаббарова.
Айтуынша, бұл сынамалардың ішінде "дельта" штамы – 71%, "дельта +" штамы – 16%, басқа штамдар – 4,7% анықталды.
"Омикрон" штамы өте жылдам жұғады, сондай-ақ қайта жұқтыру қаупі жоғары. Алматыда 20-30 жас аралығындағы азаматтардың жұқтырып жатқаны байқалады.
"Апта ішіндегі сыртқаттанушылық пен бұрын коронавирус жұқтырғандардың қайта ауыруы да күрт өсті", - дейді қаланың бас санитар дәрігері.
Коронавирус жұқтырғандардың арасында 20 жастан 40 жасқа дейінгі адамдар саны 16,4%-ке, жасөспірімдер арасында 1,1%-ке өсті.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0