20:13 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1771 0 0

Қаулыға сәйкес қоғамдық тамақтану орындарындағы адам санына да шектеу енгізілді

АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Алматыда қаланың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Соған сәйкес, Ashyq қосымшасына тіркелгеніне қарамастан концерт залдары, театр, цирк қызметіне тыйым салынды.

Сондай-ақ діни нысандарға, діни нысандарда ұжымдық іс-шара өткізуге, конференциялар мен семинарлар, көрме және форумдар өткізуге, түнгі клуб жұмысына, караоке қызметіне тыйым салынған.

Қаулыға сәйкес қоғамдық тамақтану орындарындағы адам санына да шектеу енгізілді. Енді бір үстелде келушілердің саны 4 адамнан аспауға тиіс, кинотеатрлар 30%-ін толтырып жұмыс істей алады.

"Қызметкерлердің коронавирусқа қарсы вакцина немесе ревакцинациядан өткенінен қарамастан, қала тіршілігін қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық нысандарын қоспағанда мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, кәсіпорын қызметкерлерінің кемінде 70%-і қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылады", - делінген қаулыда.

Сондай-ақ меншік нысанына қарамастан мектептер қашықтан оқытуға ауысады.

Ал жоғары оқу орындары мен колледж студенттері аралас форматта білім алады.

Қосымша білім беру ұйымдарында жеке сабақтар штаттық режимде 10 адамға дейін, балалар мен ересектерге арналған түзету орталықтарында жеке және топтық сабақтар штаттық режимде 10 адамға дейін жиналып өткіуге болады.

Қаулы 2022 жылдың 14 қарашасынан бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.

Айта кетері, Алматы қаласы қазір коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр.

Оқи отырыңыз: 

 

Кілт сөздер:
Алматы, карантин
Загрузка...

Басты тақырып