Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Алматыны қалпына келтіру жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды

© Sputnik/Александр МирогловРазграбленный мародерами Французский дом в Алматы, 6 января 2022 года
Разграбленный мародерами Французский дом в Алматы, 6 января 2022 года  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2022
Жазылу
Алматыда сауда үйлерін тонау мен адамды жауыздықпен өлтіру әрекеттері тіркелді
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik.Алматыны қалпына келтіру жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды. Оны премьер-министрдің орынбасары басқарады, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
"Роман Скляр Алматыны қалпына келтіру мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссияға жетекшілік етеді", - деді ведомство мамандары.
Айта кетері, Алматы қаласында 5 қаңтарға қараған түні бейбіт митинг жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде билікті басып алуға жасырын дайындық жүргізілгенін мәлімдеді. Ол адамдар автогаз бағасының өсуіне байланысты халық наразылығын пайдаланып, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырған, стратегиялық маңызы бар нысандарға да шабуыл жасады.
Алматыда сауда үйлерін тонау мен адамды жауыздықпен өлтіру әрекеттері тіркелді. Содырлар әуежайды да басып алған. Ал бүлікшілер әкімдік пен бірнеше республикалық телеарна орналасқан ғимараттарды өрттеп жіберген.
"Көктөбе" мұнарасына да шабуыл жасалды.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде бизнес пен жергілікті билікке 103,7 млрд теңгеге залал келтірілді. Алматының өзі 102 млрд теңгеге шығынға батты. Барлық аймақта 1 615 бизнес нысаны зақымданды. Басым бөлігі - 1 506 нысан Алматыда орналасқан.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0