Қоғам

Алматы әуежайы қашан ашылады

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы әуежайында тұрған ұшақ, архивтегі сурет
Алматы әуежайында тұрған ұшақ, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2022
Жазылу
Ведомстволардың Алматы әуежайының ашылу мерзіміне қатысты ақпараттары бір-бірімен сәйкеспейді
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Азаматтық авиация комитеті Алматы халықаралық әуежайы 13 қаңтардан бастап ашылатынын хабарлады.
Бұған дейін БАҚ-та әуе айлағы 14 қаңтарда ашылуы мүмкін деген ақпарат тарады. Алайда әуежайдың баспасөз қызметі мұны растаған жоқ. Кейін әкімдік әуежай төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін, болжаммен 19 қаңтарға дейін жабық болатынын мәлімдеді. Бірақ көп ұзамай мұны жоққа шығарды.
Артынша азаматтық авиация комитеті Алматы халықаралық әуежайы 13 қаңтардан жұмысын жандандыратынын хабарлады.
"Әуежай басшылығының алдын ала мәліметінше, әуе компанияларының ұшу кестесіне сәйкес 08.00-ден 21.00-ге дейін ішкі және халықаралық рейстер орындалады", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бүкіл Қазақстанда 6 қаңтардан төтенше жағдай режимі енгізілді. Ол сәрсенбі, 19 қаңтарға дейін созылады.
Жаңалықтар
0