Өңірлер

Алматыда карантин күшейтіледі

© Sputnik / Елена БережнаяВрач на карантинном блокпосте держит термометр
Врач на карантинном блокпосте держит термометр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2022
Жазылу
Карантин талаптары қай күннен бастап күшейтілетіні туралы қосымша хабарланады
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Алматыда жаңа жыл басталғалы коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын артып келе жатыр. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Айтуынша, науқастар санының көбеюіне коронавирустың "омикрон" штамы айналымда жүргені әсер етіп отыр.
"Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Алматы қаласында шектеу шаралары бес күн ішінде, тіпті оған дейін қатаңдатылады. Әрине, бұл Алматы қаласында болған оқиғалар кезінде кәсіпкерлер мен қала тұрғындары үшін қосымша жүктеме болады. Бірақ коронавирус жоқ болып кетпеді, вакцина салдырмаған адамдарға жұғып жатыр", - деді Алматы бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы.
Карантин талаптары қай күннен бастап күшейтілетіні туралы қосымша хабарланады.
Айта кетері, 12 қаңтарда Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы қаласы коронавирустың тарауы бойынша "қызыл" аймаққа өтті.
Қазақстанда соңғы күндері коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны артты. Өткен тәулікте 4810 адамнан коронавирус ПТР арқылы анықталды.
Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 3 312, Алматыда – 210, Шымкентте – 221, Атырау облысында – 139, Қызылорда облысында – 125, Маңғыстау облысында 156 адамнан инфекция табылды.

Оқи отырыңыз:

 
Жаңалықтар
0