https://sputnik.kz/20220112/Almaty-karantin-kusheytledi-19122590.html
Алматыда карантин күшейтіледі
Алматыда карантин күшейтіледі
Sputnik Қазақстан
Карантин талаптары қай күннен бастап күшейтілетіні туралы қосымша хабарланады 12.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-12T10:50+0500
2022-01-12T10:50+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0c/15463033_0:10:3067:1735_1920x0_80_0_0_629b36cc5feafcc9a98ce51952d81346.jpg
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Алматыда жаңа жыл басталғалы коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын артып келе жатыр. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Айтуынша, науқастар санының көбеюіне коронавирустың "омикрон" штамы айналымда жүргені әсер етіп отыр."Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Алматы қаласында шектеу шаралары бес күн ішінде, тіпті оған дейін қатаңдатылады. Әрине, бұл Алматы қаласында болған оқиғалар кезінде кәсіпкерлер мен қала тұрғындары үшін қосымша жүктеме болады. Бірақ коронавирус жоқ болып кетпеді, вакцина салдырмаған адамдарға жұғып жатыр", - деді Алматы бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы.Карантин талаптары қай күннен бастап күшейтілетіні туралы қосымша хабарланады.Айта кетері, 12 қаңтарда Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы қаласы коронавирустың тарауы бойынша "қызыл" аймаққа өтті.Қазақстанда соңғы күндері коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны артты. Өткен тәулікте 4810 адамнан коронавирус ПТР арқылы анықталды.Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 3 312, Алматыда – 210, Шымкентте – 221, Атырау облысында – 139, Қызылорда облысында – 125, Маңғыстау облысында 156 адамнан инфекция табылды.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0c/15463033_336:0:3067:2048_1920x0_80_0_0_a9104a922e9889b4d88311369a60f574.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Алматыда карантин күшейтіледі
10:50 12.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Карантин талаптары қай күннен бастап күшейтілетіні туралы қосымша хабарланады
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Алматыда жаңа жыл басталғалы коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын артып келе жатыр. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Айтуынша, науқастар санының көбеюіне коронавирустың "омикрон" штамы айналымда жүргені әсер етіп отыр.
"Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Алматы қаласында шектеу шаралары бес күн ішінде, тіпті оған дейін қатаңдатылады. Әрине, бұл Алматы қаласында болған оқиғалар кезінде кәсіпкерлер мен қала тұрғындары үшін қосымша жүктеме болады. Бірақ коронавирус жоқ болып кетпеді, вакцина салдырмаған адамдарға жұғып жатыр", - деді Алматы бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы.
Карантин талаптары қай күннен бастап күшейтілетіні туралы қосымша хабарланады.
Айта кетері, 12 қаңтарда Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы қаласы коронавирустың тарауы бойынша "қызыл" аймаққа өтті.
Қазақстанда соңғы күндері коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны артты. Өткен тәулікте 4810 адамнан коронавирус ПТР арқылы анықталды.
Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 3 312, Алматыда – 210, Шымкентте – 221, Атырау облысында – 139, Қызылорда облысында – 125, Маңғыстау облысында 156 адамнан инфекция табылды.