https://sputnik.kz/20211223/Tergeu-keznde-kz-zhman-zhgtt-staan-stt-videosy-zhariyalandy-18962770.html
Тергеу кезінде көз жұмған жігітті ұстаған сәттің видеосы жарияланды
Тергеу кезінде көз жұмған жігітті ұстаған сәттің видеосы жарияланды
Sputnik Қазақстан
Бейнежазбадан дәмхана алдында Нұрболат Жұмабаевтың алаңсыз телефонмен сөйлесіп жүргенін көруге болады. Кенеттен оған арнайы жасақтың бірнеше қызметкері тап... 23.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-23T09:15+0500
2021-12-23T09:15+0500
2022-02-02T09:48+0500
өңірлер
тергеу
видео
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7ecc72c5faf4e46c13d9f68b7c382ad4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Шымкент полициясының ғимаратында көз жұмған қостанайлықты ұстаған сәт таспаланған бейнежазба жария болды.Қоғамдық резонанс тудырған оқиғаға қатысты видеоны Михаил Козачков есімді журналист Telegram-арнасында бөліскен, деп хабарлады "Астана" арнасы.Автор бейнебақылау камерасына жазылған екі видеоны жариялаған. Оның біріншісі дәмхана сыртында түсірілген. Онда дәмхана алдында Нұрболат Жұмабаевтың алаңсыз телефонмен сөйлесіп жүргенін көруге болады. Кенеттен оған арнайы жасақтың бірнеше қызметкері тап берген. Жерге жатқызып, қолын қайырып, тепкілегендері анық байқалады.Ал екінші видеода жайбарақат тамақтанып отырған оның досы Сергей Петровты арнайы жасақ дәмхана ішінде ұстағаны жазылып қалған. Күдіктілер полицияға еш қарсыласпағаны көрінеді.Оқи отырыңыз: Шымкентте тергеу кезінде көз жұмған жігіттің досы: басымызға қапшық кигіздіЕске сала кетейік, 8 желтоқсанда Шымкенттегі полиция департаментінің ғимаратында тергеуге жеткізілген 31 жастағы Нұрболат Жұмабаев көз жұмды. Полиция марқұмды досымен бірге шетел көлігінің ұрлығына қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ұстаған болатын. Мәйітханада жүргізілген сот-медицина сараптамасы қостанайлық азаматтың полиция соққысынан қайтыс болғанын дәлелдеп берген. Қазір аталған фактіге қатысты тергеу жалғасып жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_fcd5e5f858499da4164200942a14ce30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тергеу
Тергеу кезінде көз жұмған жігітті ұстаған сәттің видеосы жарияланды
09:15 23.12.2021 (жаңартылды: 09:48 02.02.2022) Бейнежазбадан дәмхана алдында Нұрболат Жұмабаевтың алаңсыз телефонмен сөйлесіп жүргенін көруге болады. Кенеттен оған арнайы жасақтың бірнеше қызметкері тап берген
НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Шымкент полициясының ғимаратында көз жұмған қостанайлықты ұстаған сәт таспаланған бейнежазба жария болды.
Қоғамдық резонанс тудырған оқиғаға қатысты видеоны Михаил Козачков есімді журналист Telegram-арнасында бөліскен, деп хабарлады "
Астана" арнасы.
Автор бейнебақылау камерасына жазылған екі видеоны жариялаған. Оның біріншісі дәмхана сыртында түсірілген. Онда дәмхана алдында Нұрболат Жұмабаевтың алаңсыз телефонмен сөйлесіп жүргенін көруге болады. Кенеттен оған арнайы жасақтың бірнеше қызметкері тап берген. Жерге жатқызып, қолын қайырып, тепкілегендері анық байқалады.
Ал екінші видеода жайбарақат тамақтанып отырған оның досы Сергей Петровты арнайы жасақ дәмхана ішінде ұстағаны жазылып қалған. Күдіктілер полицияға еш қарсыласпағаны көрінеді.
Еске сала кетейік, 8 желтоқсанда Шымкенттегі полиция департаментінің ғимаратында тергеуге жеткізілген 31 жастағы Нұрболат Жұмабаев көз жұмды. Полиция марқұмды досымен бірге шетел көлігінің ұрлығына қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ұстаған болатын. Мәйітханада жүргізілген сот-медицина сараптамасы қостанайлық азаматтың полиция соққысынан қайтыс болғанын дәлелдеп берген. Қазір аталған фактіге қатысты тергеу жалғасып жатыр.