Өңірлер

Тергеу кезінде көз жұмған жігітті ұстаған сәттің видеосы жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевПолицейская форма
Полицейская форма  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2021
Жазылу
Бейнежазбадан дәмхана алдында Нұрболат Жұмабаевтың алаңсыз телефонмен сөйлесіп жүргенін көруге болады. Кенеттен оған арнайы жасақтың бірнеше қызметкері тап берген
НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Шымкент полициясының ғимаратында көз жұмған қостанайлықты ұстаған сәт таспаланған бейнежазба жария болды.
Қоғамдық резонанс тудырған оқиғаға қатысты видеоны Михаил Козачков есімді журналист Telegram-арнасында бөліскен, деп хабарлады "Астана" арнасы.
Автор бейнебақылау камерасына жазылған екі видеоны жариялаған. Оның біріншісі дәмхана сыртында түсірілген. Онда дәмхана алдында Нұрболат Жұмабаевтың алаңсыз телефонмен сөйлесіп жүргенін көруге болады. Кенеттен оған арнайы жасақтың бірнеше қызметкері тап берген. Жерге жатқызып, қолын қайырып, тепкілегендері анық байқалады.
Ал екінші видеода жайбарақат тамақтанып отырған оның досы Сергей Петровты арнайы жасақ дәмхана ішінде ұстағаны жазылып қалған. Күдіктілер полицияға еш қарсыласпағаны көрінеді.
Оқи отырыңыз: Шымкентте тергеу кезінде көз жұмған жігіттің досы: басымызға қапшық кигізді
Еске сала кетейік, 8 желтоқсанда Шымкенттегі полиция департаментінің ғимаратында тергеуге жеткізілген 31 жастағы Нұрболат Жұмабаев көз жұмды. Полиция марқұмды досымен бірге шетел көлігінің ұрлығына қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ұстаған болатын. Мәйітханада жүргізілген сот-медицина сараптамасы қостанайлық азаматтың полиция соққысынан қайтыс болғанын дәлелдеп берген. Қазір аталған фактіге қатысты тергеу жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
0