Өңірлер

Шымкентте 23 жастағы қызды өлтірді деген күдікке ілінген әйел ұсталды

© Sputnik / Anar MustafayevДевушка в наручниках, архивное фото
Девушка в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2021
Жазылу
Қазақстан Қылмыстық кодексінің "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Шымкентте жалдамалы пәтерде қызды өлтірді деген күдікпен 1990 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

"Отырар" порталының хабарлауынша, жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні ұстап, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғады.  

Қазір бұл іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады полиция.

Еске сала кетейік, 25 қарашаға қараған түні Шымкент орталығындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен пышақталған 23 жастағы қыздың денесі табылған болатын.

Оқиға орнына келген дәрігерлер мәйіт пәтерде бір тәулікке жуық жатқанын анықтады.

Оқи отырыңыз: Шымкентте жалдамалы пәтерден қан-жоса болып жатқан қыздың мәйіті табылды 

Қыз телефон қоңырауына жауап бермеген, соған байланысты пәтер иесі дабыл қаққан. Қосымша кілтпен есікті ашқан үй иесі еденде қан-жоса болып жатқан қыздың денесін көрген.

Жаңалықтар
0