15:25 06 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
5496 0 0

Ол пәтерді үш күнге жалға алған. Қыздың денесін үйдің иесі тапқан. Күдіктілер мен куәгерлер іздестіріліп жатыр

АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Шымкентте жалдамалы пәтерден қыздың мәйіті табылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Өңірлік "Отырар" порталының хабарлауынша, қыздың денесін 25 қараша түнгі сағат 01.30-да тапқан. Марқұм шамамен 20-25 жаста.

Пәтер иесі марқұмның үйді 3 күнге жалға алғанын айтты. Ол пәтерді жігітімен бірге болуы да мүмкін. Артынша екеуінің арасында жанжал шыққан деген болжам айтылды.

Алғашқы екі күнде қыз пәтер иесімен байланысқа шыққан, ол марқұмның даусынан ерекше ештеңе байқамағанын айтады.

Алайда үшінші күні телефон қоңырауына жауап бермеген, соған байланысты пәтер иесі дабыл қақты. Қосымша кілтпен есікті ашқан үй иесі еденде қан-жоса болып жатқан қыздың денесін көрген.

Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның денесі пәтер ішінде шамамен бір күн жатқанын айтты.

Түні бойы оқиға орнында жедел уәкілдер жұмыс істеді. Күдіктілер мен куәгерлер іздестіріліп жатыр. Полиция кісі өліміне қатысты басқа ақпарат таратпады.

Тақырып бойынша

Алматы орталығында бойжеткенді өлтіріп, өртеп жіберген – полиция түсініктемесі
"Ұрып жатыр": Алматыда мәйіті табылған қыз жақындарына SMS жазып үлгерген
Павлодарда гараждан үш адамның мәйіті табылды
Ақтөбе облысында өзеннен екі зейнеткердің мәйіті табылды
Атырауда жас жігіт билеп тұрған бойжеткенді жұдырықпен бір ұрды – видео
Кілт сөздер:
Шымкент, пәтер, бойжеткен, мәйіт
Загрузка...

Басты тақырып