02:47 29 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD431.07
  • EUR485.51
  • RUB5.69
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
157 0 0

Қамауға алынған күдіктілердің арасында қылмыс әлемінің серкесі де бар болып шықты

ҚЫЗЫЛОРДА, 24 қараша – Sputnik. Полиция Қызылорда тұрғынын ұрып-соғып, көлігін өртеп жіберген қылмыстық топ туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін Қызылорда қаласында белгісіз біреулер автокөлікті қасақана өртеп жібергенін, артынша күдіктілердің ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.  

Қызылорда облыстық полиция департаменті күдіктілердің бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың серкесі екенін анықтады. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 2015 жылы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен 6 жылға сотталған.

Қазіргі таңда күдіктілердің үстінен Қазақстан Қылмыстық кодексінің 200-бабы 2-бөлігінің 1,3-тармақтарымен және 202-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

"Екі күдікті басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп мәлім етті облыстық полиция департаменті.

21 қарашада кешкі уақытта Қызылорда орталығындағы көшелердің бірінде белгісіз адамдар қала тұрғынын ұрып-соғып, оның "Opel Vectra"маркалы автокөлігін ұрлап кетіп, кейіннен оны өртеп жіберген. Келтірілген материалдық шығын көлемі – 1 500 000 теңге.

Оқи отырыңыз:

Кілт сөздер:
Қызылорда, автокөлік, өрт
Загрузка...

Басты тақырып