Өңірлер

Алматыда "қызыл" статусы бар 70 адам айыппұл арқалады

© Sputnik / Абзал КалиевДевушка сканирует код проекта Ashyq
Девушка сканирует код проекта Ashyq  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2021
Жазылу
Алматылықтар карантин талаптарын ескермей, адам көп шоғырланатын қоғамдық орындарға кіруге тырысқан

АЛМАТЫ, 18 қараша – Sputnik. Алматыда карантин талаптарын сақтамаған 70 адамға айыппұл салынды. Бұл туралы брифинг кезінде қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның сөзінше, Ashyq жүйесінде "қызыл" статусы бар алматылықтар карантин талаптарын ескермей, қоғамдық тамақтану орындарына, сауда және ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға кіруге тырысқан. Соған байланысты 70 адамға 30 АЕК (87 510 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Айта кетері, алматылықтардың арасында 20-дан 39-ға дейін адамдар науқастардың 29%-ін, 40-тан 59-ға дейін – 27%-ін, 60 жастан асқандар 26%-ін құрайды.

Қала бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар науқастардың 28%-ін, зейнеткерлер – 25%, түрлі ұйымдар, ЖШС, ЖК қызметкерлері – 21% құрап отыр.

Бір апта ішінде инфекция жұқтырғандар арасында жалпы санынан жасөспірімдер 5,3%-ті, 14 жасқа дейінгі балалар – 13,3%, оның ішінде 1 жасқа дейін – 2,2%-ті құрайды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0