15:28 06 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (429)
39 0 0

Вакцина салынған студенттердің ата-анасы келісім берген. Алдағы уақытта "Pfizer" оқу орындар мен емханаларда егіледі. Әрбір бала алғашқы 30 минут медициналық бақылауда болады

ҚЫЗЫЛОРДА, 15 қараша – Sputnik. Қызылордада 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге арналған "Pfizer"вакцинасын егу басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетовтың айтуынша, медицина колледжінің студенттері алғашқы болып екпе алуды бастады. 70 студентке ата-анасының келісімімен вакцина салынды. 

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған "Pfizer" вакцинасының ерекшелігі – оның құрамында вирус болмайды. Бүгінде барлық емханада дайындық жұмыстары пысықталған. Арнайы орталық қоймаға 2 тоңазытқыш әкелінді. Өткен аптада Pfizer-дің 23400 дозасы жеткізілді", – деді Шайымбетов өңірдегі коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

Ол вакцина ата-аналардың келісімімен 12-18 жастағы жасөспірімдерге, 16-37 апта аралығындағы жүкті әйелдер мен босанғанына 42 күн болған емізетін әйелдерге салынатынын атап өтті.

Біз баласына вакцина салдыруға келісім берген Жанар Нақыпованы әңгімеге тарттық.

"Менің ұлым осы колледждің "Емдеу ісі" мамандығы бойынша білім алады. Бүгін вакцинаны алғаш болып балама салды. Әрине, басында қобалжу болды. Дегенмен ұлым өзі бірден келіскен соң, менде еш ойланбадым. Ең бастысы – халықтың амандығы. Көзге көрінген ұл-қыздарымыз ауырмасын. Өзге де ата-аналарға балаларына вакцина салдыруға кеңес беремін", – деді Жанар Нақыпова.

Оқи отырыңыз:

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (429)
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус, жасөспірімдер
Загрузка...

Басты тақырып