Өңірлер

Pfizer Алматыға жетті: қанша адам вакцина салдыра алады

© Photo : Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы Алматыға Pfizer вакцинасы жеткізілді
Алматыға Pfizer вакцинасы жеткізілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Жазылу
Вакциналау бірінші кезеңде медициналық мекемелерде, содан кейін мектептер мен жоғары оқу орындарында өтеді

АЛМАТЫ, 11 қараша – Sputnik. Коронавирус инфекциясына қарсы "Комирнати" (Pfizer, АҚШ) мРНК-вакцинасы орталық қоймадан Алматы емханаларына таратылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, 11 қараша таңғы сағат жетіде вакцинаның алғашқы 46 800 дозасы Алматы қоймасына жеткізілді. Енді алгоритмге сәйкес Алматының барлық емхана ұйымына бөлінеді.

© Photo : Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы Вакцина қоймада Цельсий бойынша 60-90 градусқа дейінгі температурада сақталады.
Pfizer Алматыға жетті: қанша адам вакцина салдыра алады - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Вакцина қоймада Цельсий бойынша 60-90 градусқа дейінгі температурада сақталады.

"8 қорапта қапталған вакцина алдық. Вакцинаның тұрақты температурада жеткізілуі бақыланды. Барлық қорап зауыттан вакцина қоймасына дейінгі жол бойында температуралық датчиктермен жабдықталды", - деді Орталық қалалық клиникалық аурухана директорының инфекциялық бақылау эпидемиологиялық мәселелері жөніндегі орынбасары Эльвира Ибрагимова.

Оның айтуынша, вакциналау бірінші кезеңде медициналық мекемелерде, содан кейін мектептер мен жоғары оқу орындарында өтеді.

"Барлығы 46 800 доза алдық. Мұнда бірінші және екінші компоненті бар. Демек, бірінші компоненттің 23 400 дозасы және екіншісінің 23 400 дозасы бар. Екі бөлігінің арасында 21-28 күн сақталады", - деді маман.

© Photo : Алматы қоғамдық денсаулық басқармасыАлматыға Pfizer вакцинасы жеткізілді
Pfizer Алматыға жетті: қанша адам вакцина салдыра алады - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Алматыға Pfizer вакцинасы жеткізілді

Вакцина жүкті, емізулі баласы бар және 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге салынады.

"Жүктілікке қатысты да белгілі бір аралық бар, вакцинаның жүктіліктің 16-37 аптасы арасында салдыруға болады. Емізулі баласы бар әйелдер босанған соң 42 күннен кейін салдыра алады", - дейді Ибрагимова.

Вакцина қоймада Цельсий бойынша 60-90 градусқа дейінгі температурада сақталады.

"Емханалар вакцина алған кезде температура режимі өзгереді. Яғни, вакцинаны сақтау Цельсий бойынша + 2, + 8 градус температурада жүзеге асырылады. Бұл нұсқаулықта жазылған, бір ай ішінде вакцинаны осы температурада сақтауға болады", - деді маман.

Айта кетері, 10 қарашада түнде Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0