Өңірлер

Досының үйіне кетіп оралмаған: Жамбыл облысында жасөспірім жұмбақ жағдайда көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневКарета скорой помощи на дороге столицы
Карета скорой помощи на дороге столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Жазылу
Бақдаулеттің жақындары оның  өліміне ауылдасын кінәлап отыр. Ал полицейлер "өз-өзіне қол салу" бабымен іс қозғаған

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Жамбылда 9 сынып оқушысы көрші тұратын досының үйіне барып қайта оралмады. Жасөспірім пневматикалық қарудың оғынан ажал құшты, деп хабарлады "Астана" арнасы. 

Бақдаулеттің жақындары оның  өліміне ауылдасын кінәлап отыр. Ал полицейлер "өз-өзіне қол салу" бабымен іс қозғаған. Қаза тапқан жеткіншектің отбасы мұнымен келіспейді.

Қайғылы жағдай Меркі ауданы Тескентоған ауылында болған. 14 жастағы Бақдәулет Балқыбай көрші тұратын досының үйіне ойнауға кетіп, қайтып оралмаған.

Тек ауылдастары "балаңды ауыр халде ауруханаға алып бара жатыр" дегенде ғана білген. Бірақ ол кезде бәрі кеш болды дейді. Қайғыдан қан жұтқан отбасы балаларының неден көз жұмғанын біле алмай дал. Мүмкін  бізге бірден хабар бергенде аман қалар меді деп күйінеді.  

"Әр адам әр түрлі айтып жатыр. Ауруханадағылар бұл екі үш сағат бұрын жүріп кеткен адам. Бала бұл денесі көгеріп, суып кеткен деп айтып жатыр. Осы жақсы медбике бар, бірінші соны шақырған-ау димін. Жедел жәрдемге дейін. Ол кісі мен барған кезде аузынан көбік ағып қорылдап жатты деп айтқан", - дейді жеңгесі Ақнұр Ұзақова.

Күдікті баланың атасы Жексенбек Қашқыновтың айтуынша, олар не болғанын көрмеген.

"Қазір тергеу жүріп жатыр, сот сараптамасы тағайындалған. Содан кейін беретін жауапты береміз. Басқа сөзіміз жоқ", - дейді ол.

Бақдаулеттің өліміне қатысты сот сараптама  тағайындалған. Қылмыстық іс  қозғалды.

"Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобымен қаза болған бала өзінің досымен бірге ата-анасының рұқсатынсыз қаруды алып, далада құс атып жүрген кезінде оқ жарақатын алғаны анықталған. Қапияда көз жұмған Бағдәулеттің туыстары ол өзін-өзі өлтірді дегенге сенбейді. Сондықтан сот ісі әділ  жүргізілсін деп талап етіп отыр, - дейді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Темірбек Оразымбетов.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0