НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Жасөспірім қыз TikTok-та үйренген белгінің арқасында аман қалды. Бұл оқиға туралы fox8.com жазды.
61 жастағы Джеймс Герберт Брик Эшвилл қаласында 16 жастағы қызды ұрлап, көлікпен Огайо штатына апара жатқан. Жолда жасөспірім жанынан өткен көлік жүргізушісіне қауіп-қатердің белгісін көрсеткен. Ол алдымен алақанын ашып, сосын бармағын бүгіп алған. Оны төрт саусағымен жапқан. Кәмелетке толмаған қыз ол белгіні TikTok-та үйренген.
Абырой болғанда көлік жүргізуші де ишараның мағынасын білген. Ол бірден 911-ге хабарласып, өзі қыз отырған көліктің артынан жүре берген.
Полиция педофилді ұстады. Оның телефонында ұрланған қыздың сексуалды сипаттағы фотолары болған.